Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32 - Коллектив авторов страница 14

СКАЧАТЬ идеялар әңгіме болып отырған дәуірдегі (УІП-ХП ғасырлардағы) «шығыс» философиясына басқаша, бірден-бір дұрыс тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. Философиялық ой-пікірдің өрбуі де өзгеше бір «шеңбер», яғни бұрынғы шекке, жүріп өткен сатыларға қайта оралу, соларды қайталау, бірақ анағұрлым жаңа да биік сатыға көтерілу түрінде қайталау болып табылады. Оның бер жағында қайталауды тек қана сыртқы құбылыс деп түсінбеу керек. Бұл жерде әңгіме дамудың әртүрлі дәрежесінде философиялық ой-пікірдің әр тараптан «қайта оралатын» қазығы, жалпыға ортақ тұғыры, проблемалары жайында болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда әл-Фараби орта ғасырдың бас кезіндегі бүкіл прогресшіл философиялық ой-пікірдің іргесін қалаушы, негізін салушы ретінде көз алдымызға келеді. Одан басталған жол Ибн Синаға, Ғазалиге (оның философиясы реакциялық, кертартпа қозғалысқа әкеліп саяды), Ибн Рошдқа әкеледі, ал Рошдтан бері қарай тартылған желі Еуропада жаңа заман философиясы мен ғылымы пайда болар алдындағы еркін ойлы философияға келіп жетеді.

      Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген «теорияның» негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүниежүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған аса көрнекті қайраткерлер шындығында адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік-тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Сондықтан да ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап алып, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.

      Араб шапқыншылығы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы территорияда феодалдық қатынастардың дамуына дем берді. Терең ішкі қайшылықтар, еркін қауым мүшелерінен феодалдарға тәуелді адамдарға айналған шаруалар қозғалысы және басқа да тәуелді күштер халифаттың ыдырауына себепкер болғанымен, феодалдық қатынастардың дамуын тоқтата алған жоқ. X ғасыр мәдени өрлеу заманы болды, бұл Еуропадағы Қайта өркендеу заманына ұқсас мұсылман Ренессансы деп аталды13. Осы өрлеуге себін тигізген жағдайлардың қатарында сауаттылықтың біршама кең өріс алғанын, қолжазба жинау, аудару ісінің жолға қойылғанын, жекеменшік және қоғамдық кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады14.

      Әл-Фараби Сыр бойындағы, Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі Фараб қаласында 870 жылы түркі семьясында туды. Кейін Фараб Отырар болып аталды. Қаланың орны қазіргі Қызылқұм облысы Шәуілдір ауданының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

      А.Н. Бернштам СКАЧАТЬ



<p>13</p>

Қараңыз: Мец А. Мұсылман Ренессансы. М., 1903.

<p>14</p>

Қараңыз: 3аходер Б.Н. Шығыс орта ғасырының тарихы. М., 1944, 81-82-беттер.