Название: Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0466-3
isbn:
В.И. Лениннің: «Діншілдік Аристотельде нақтыны құрытып, құр сүлдерін мәңгі қалдырып отыр»7, – деген сөздерінен нақ осы жағдай айқын көрінеді.
Платон мен Аристотель ілімдерінің тағдыры қандай болғанымен, әйтеуір әл-Фараби философиясын жаңа платоншылдық пен аристотелизм элементтерінің ұштастырылуы ретінде баяндауға біраз дәлел бар екені анық. Шынында да Плотиннің (біздің заманымыздың 204-269 жылдары) дүниедегі бар нәрсені құдай жаратқан, бәрі соның эманациясы (туындысы) дейтін ілімі әл-Фараби философиясында белгілі орын алады. Бірақ ислам діні дәуірлеп тұрған кезде мұның тарихи мағынасы өзгереді. Құдай (Алла тағала) өзіне ғана тән сипатынан айырылып, бейнесіз бі- рінші себепке айналады да, содан кейін эволюция мағынасында құдай мен табиғат арасында байланыс орнатылады, ал мұның өзі сол заман үшін едәуір прогрестік көзқарас еді.
Бір елеулі мәселеде Плотиннің эманация теориясы ой елегінен жай өткізіліп қана қоймай, түбірінен өзгертіледі. Плотинде «бірегейдің», яғни құдайдың кең-дарқан ағынының ақтық нәтижесі дүниеде нақты бар заттар, бұлар ақылға қонымды формалардың мүлде сапасыз, шексіз тұрлаусыз материямен ұштасуы ретінде пайда болады. Әл-Фарабиде материяның өзі формалардың иесі бола алады, заттың сан алуан сипатта- маларының бәрі осы арқылы алынады. Сонымен қатар Аристо- тельге тән концепция – «бірінші қозғауыш», күллі нәрсе біткен қозғалысының себебі ретіндегі құдай концепциясы әл-Фараби көзқарастарынан көрініп отырады. Бұған әсер еткен тарихи жағдай мынау: орта ғасырдың алғашқы дәуірінде Аристотель жаңа платоншылдық тұрғысынан танылды, осыған орай неоплатоншылдык рухында жазылған мәтіндер мен қағидалар Аристотельдің төл шығармалары ретінде ұсынылып отырды. Рас, әл-Фарабидің өз айтуынан біздің білетініміз, ол Аристотельдің шығармашылығымен өз нұсқасында жете танысуға мүмкіндік алған, яғни ұстаз бен шәкірттің қатынасы арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауызша тарап отыратын сабақтас дәстүрге ден қойған. Әйтеуір қалай болғанмен де, аталған концепция әл- Фараби философиясында басқаша сипатта көрінеді. Әрекетшіл парасат деп аталатын бірінші қозғауыш әл-Фарабиде «ай астындағы әлемнің» ақтық себебі емес, тек сонымен біте қайнасып, ажырамастай байланысқан қозғауыш, себеп, парасат. Демек, Платон (жаңа платоншылдық) мен Аристотель философиясы әл-Фараби көзқарасының теориялық қайнар көзі болды. Бірақ бұл көзқарасты платонизм мен аристотелизмнің жай ғана ұштастырылуы деп білу жөн емес.
Әл-Фарабидің дүниеге көзқарасы – социология, этика, эстетика проблемаларын бірге қамтитын іргелі жүйе. «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактатында әл-Фараби өз заманында си- рек кездесетін пікірлер айтады, тіршілік пен ой-пікірдің тарихи негіздерін қайта құру тұрғысынан алғанда аса маңызды СКАЧАТЬ
6
Герцен А.И. Шығармаларының толық жинағы, III том, 98-б.
7
Ленин В.И. Шығармалар, 38-том, 385-б.