Название: Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0466-3
isbn:
Дүниенің бас-аяғы жоқ деген пікір филоофияны теологиядан, діншілдерді, Ғазалидің сөзімен атағанда, дінді бұзғандардан ажыратып келді. Ал Аристотельдің жақтастары философтар деп аталды, ол араб ойшылдарының дәстүрінде философияның бейнесі болды. Аристотельдің өзі дүниенің бас-аяғы жоқ деген тезисті өз басының жетістігі деп санады. Араб аристотелизмін система дәрежесіне көтерген әл-Фараби «Екінші ұстаз»3 атанды. Маймонидтың айтуынша, бір трактатында әл-Фараби дүниенің бас-аяғы жоқ па, әлде ол жаратылған ба деген проблеманы шешуге болатындығы жөнінде күмән келтірген Галенді сынай келіп, пайғамбардың дүние жаратылған дейтін пікірі ешбір ақылға қонбайды депті. Міне, нақ осы ашық пікірлері үшін де оған ортодокстер қатты өшігіп, сенбестік білдірген.
Бұл жерде жаралу мен жоғалу атаулының түпкі себептері ретіндегі материя мен форма мәңгілік болғандықтан (бұл Аристотельдің «Метафизикада» дамытқан қағидалары), дүниенің бас-аяғы жоқ деген тезисті дүниені құдай жаратқан деген тезисінен үйлестіру қиын-ақ. Әл-Фараби бұл проблеманы өзінше шешеді (яғни, шынын айтқанда, елеусіз қалдырады), ол: дүние өзінің мәні жағынан, құдайдың жасампаздық әрекетіне байланыстылығы жағынан екінші, бірақ уақыт жағынан олай емес дейді. Аристотельді толық қостай отырып, ол қозғалысты мүмкіндіктің шындыққа айналғанын көрсететін мәңгілік нәрсе, бірақ жасанды емес деп санайды. Қозғалыс сияқты, уақыт та мәңгілік нәрсе деп білетін әл-Фараби уақытты анықтауда Аристотельден алшақ кетеді, ол уақытты қозғалыстың сипаттамасы деп бағалайды.
Аристотельдің мүмкіндік пен шындық жайындағы ілімі әл-Фараби үшін дүниенің бас-аяғы жоқ деген тезистің алғышарты болды, өйткені пайда болушылықтың қандайы болса да (уақыт жағынан) мүмкіндіктің болуын керек етеді. Ибн Рошд (ал оның ізінше Маймонид те) әл-Фарабиге тәжім етіп, дүниенің бас-аяғы жоқ деген тезисті іле қостап әкетті де, шындығында пантеизм позициясына шықты. Дүниенің (ықтимал бар нәрсе ретінде ғана) өмір сүруі үшін құдайдың жаратымпаз күшінің қажет екенін түсіндіретін дәйектеме ретінде Авиценнаның оны ықтималы және қажеті бар нәрсе деп бөлуін сынай келіп, Аверроэс дүниенің бас-аяғы жоқ екенін дәлелдеу үшін әл-Фарабидің қолданған әдісін әдептілікпен, ізетпен қабылдамайды.
Әл-Фараби философиясының аса маңызды жетістіктерінің бірі – парасат жайындағы ілімге көшуден бұрын бұл ілімнің өріс алған тұғырын жалпылама қарап өтейік. Әрекетшіл парасат (Аристотельше бірінші қозғауыш, ойлаудың ойлауы) – болмыс сатысындағы басқыштардың бірі. Ең жоғарғы орында бірінші себеп Құдай, Алла-тағала тұрмақ. Нақ осы жерде әл-Фараби, барлық басқа философтар сияқты, ортодоксияға қосылмай, құдай бейнесінің орнына бейнесіз, дерексіз-абстрактылы күшті СКАЧАТЬ
3
Қараңыз: Fr. Dietеrісі. Alfarabі‘s рһіlosophisсһе АbҺаndlungen. Lеіdеn. 1890, s. 111.