Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32 - Коллектив авторов страница 13

СКАЧАТЬ белгілі еңбектерінен қат-қабат тұжырымдар жасауға, проблемалар ұсынуға келгенде мейлінше зерек екенін көреміз.

      Аристотель логикасындағы кейбір ұғымдарды жүйеге келтіру, атап айтқанда, заттың мәні мен болмысының байланысын ажыратып, анықтау қажет болғандықтан, әл-Фараби тіршілік предикат бола ма, жоқ па деген мәселені шешуге кірісті. Жаратылыс зерттеуші ғалым үшін заттың бар болуы, сол заттың нақ өзі болса, айтулы логик үшін ол өз алдына предикат болып саналады. Тіршілікті әкеліп телігенмен, ол объектінің сипаттамасына дәнеңе қоса қоймайды, сондықтан ақпараттық предикат бола алмайды. Н. Решер бұл пайымдамаларды Канттың болмыс іс жүзіндегі предикат емес деген тезисін күні бұрын меңзеп көрсеткендік деп санайды.

      «Адамның дене мүшелері хақында Аристотельмен екі арадағы алауыздығы жөнінде Галенге қарсы айтылған дау туралы» трактатындағы эмпирикалық пен теориялықтың байланысы жайлы дамытылған пікірлері Ибн Синаның медицина саласында қорытынды еңбек жазуында белгілі рөл атқарды.

      Әл-Фарабидің дүниеге көзқарасы әдіс жайындағы іліммен аяқталады. Оның философиясының ескірмейтіндігі мен жемістілігі мұның принциптері нақты ғылыми зерттеу барысында жүзеге асырылып, дамытылып отыруында. Ол белгілеген ойлау әдісі жеке заттарды байқау жолымен мейлінше нақты зерттеу қажеттігін, теорияны дедукциялық-аксиомалық әдіс негізінде құру, оны эксперимент арқылы тексеру элементтерімен ұштастырады. Бұл әдіс Р. Бэкон, Г. Галилей, Ф. Бэкон, Р. Декарт белгілеген методологияның бастамасы болды. Әл-Фараби философиясының жаратылыстану мен математика саласындағы жетістіктермен тығыз байланысын жете түсіну үшін әлі де көп жұмыс істеуге тура келеді, ал тарихшылар мұның маңызы ерекше екенін барған сайын сезіп-біліп отыр.

      Ибн Синаның даңқы ең алдымен «Медицина каноны» арқылы шыққан болса, әл-Фараби «Үлкен музыка кітабының» авторы ретінде әйгілі. Бұл – эстетика, психология, акустика, математика, аспап өнері проблемаларын қамтитын жиынтық шығарма. Осы трактат жайындағы кіріспе пікірлерден ізденіс-зерттеудің тыңнан жүргізілгені, соқыр сенім атаулыдан аулақ, айқын творчестволық программаның алға қойылғаны көрінеді. Әл-Фарабидің өзі жазғанындай, осы еңбекке кірісер алдында ол антика ғалымдарының, олардың ізбасарлары мен замандастарының еңбектерін мұқият қайта оқып шыққан. «Егер осы тақырыптың барлық саласын қамтитын егжей-тегжейлі, толық зерттеу бұрыннан бар болса, онда нақ осы мәселе жайында кітаптар жазу пайдасыз болар еді»9. Ол мұны ғылыми этика принциптері негізінде былайша түсіндіреді: «Басқа адамдардың айтқан пікірін иемденіп кету надандық болар еді, мұның өзі ниеті арам адамға лайық қылық болар еді»10. Оның шығарманы неліктен жазғанын бұдан әрі түсіндіруінен асқан кішіпейілділігі көрінеді. Ол өзінен бұрын- ғылардың дарынын мойындап, оларда ғылымды ілгері басты- рудан басқа мұрат болған жоқ деп біледі: «Осынау алғыр ойлы адамдар бірінің ізін бірі СКАЧАТЬ



<p>9</p>

R. d’Еrlаngеr. Lа Musique Arabe, t. I. Рагіs, 1930, р. 1.

<p>10</p>

Сонда.