Название: Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0466-3
isbn:
Егер дәріс сөздеріне (мәселен, Құранға) деген айнымас наныммен немесе сезіммен шектеліп қалмай, ой елегінен өткізер болсақ, теологиялық тақырып, құдай проблемасы мен адамның оған көзқарасы жалпы мен жалқының, қоғам мен жеке адамның «дәйекті күштер» мен адам қабілеттерінің қатынасы жайындағы нақты проблема болып шығады, өйткені құдай орта ғасыр философтарының пікірінше, адамнан айырып алынған және «құдіретті күш», «даналық» т.т. ретінде оған қарсы қойылған осындай күштер мен қабілеттердің жиынтығы. Әрине, проблеманың қойылысындағы жорамалдылық пен аумалы- төкпелілік жақсылықтан емес, тек қана тарихи қажеттіліктен туып отырған нәрсе.
Егер біз әл-Фарабидің философиялық көзқарастарын бар өзгешелігімен қоса, яғни белгілі бір заманға байланысты және соны бейнелейтін нақты-тарихи система ретінде алып қарайтын болсақ, бұл көзқарастардың ерекше қасиеті мен соны сипатын дұрыс түсінуге болады. Әрине, сонау заманда материалистік философиялық жүйенің ашықтан-ашық жасалуы мүмкін емес-ті.
Философия дегеніміз – өз заманының ой-пікірі, демек, субъективтік жағынан алғанда белгілі бір ойшыл одан жоғары тұрғанымен, қалай да өз заманының перзенті болып қала береді. Сондықтан орта ғасырдың бас кезінен ашық материалистік концепция іздеу тарихқа қайшы келер еді. Әл-Фарабиді азды-көпті дәйекті материалист етіп көрсетуге талпынушылық та нақ сондай өрескелдік болар еді. Ол – түп негізінде идеалист. Бірақ бірсыпыра мәселелерді шешуде онда материалистік тенденция бар екенін немесе оның идеализм мен материализм арасында ауытқып отыратынын біз айқын сеземіз. Оның үстіне дін догмаларына саналы түрде (көзсіз емес), әсіресе сын көзімен қарауға байланысты адамзат ақыл-ойының алдына қойылған белгілі бір проблемаларды теория жүзінде ұғыну әрекетінің өзі «попшылдықтың» және оған қызмет етуші теологияның тамырына балта шапқандық еді. Тарихи керексіз болып қалған, қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі дінді тірілтіп, жаңартатын идеализмге деген көзқарас дінді теориялық жағынан жеңу процесі басталатын, идеализмнің тарихи болмай қалмайтын формасына көзқарастан мүлде басқаша болуы тиіс. Л. Фейербахтың схоластикалық философия жайында (мұның өзі тарихи реликвияға айналғанға дейін), тіпті оның ең сұмпайы да күңгірт жақтары жайында бұл философия ойлау- шы рухтың іс-әрекетке құштарлығының көрінісі еді деп айтқан пікірі өте орынды: «Беделге ғана негізделген наным қағидаларын дәйектеп, дәлелдеуге тырысқанда ол осы арқылы, онда да көбінесе өз білімі мен еркінен тыс, парасаттың беделін дәлелдеді, сөйтіп, ескі шіркеу принципінен өзгеше принципті, ойлаушы рух принципін, парасатты сана-сезім принципін дүниеге келтірді, ең болмағанда осыған жағдай әзірледі»2. Діни ортодокстер исламның философияға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын жан-дүниесімен сезініп, философияға салыну СКАЧАТЬ
2
Фейербах Л. Философия тарихы, I том. М., 1967, 72-бет.