Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32 - Коллектив авторов страница 8

СКАЧАТЬ ортасы – болмыс иерархиясы, әлемді түсінуші және онда әрекеттенуші адам; соңы – шынайы бақытқа жету.

      Аль-Фараби все время ищет такие пути, которые бы дали возможность каждому человеку быть счастливым по-своему.

      Идеал аль-Фараби – великое общество, общество всех людей, населяющих землю и живущих в мире.

      Аль-Фараби, как сын своего времени, не мог избегнуть апелляции к другому миру, как условию торжества справедливости.

      Аль-Фараби дорог нам, людям XX века, прежде всего потому, что внес крупицу собственного обоснования в фундамент нравственного определения идеала человеческой жизни. Стремление способствовать достижению человеческого совершенства пронизывает все наследие мыслителя. Именно поэтому мы не можем воспринимать это наследие какустаревшее.

Ағын Қасымжанов

      ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

      Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ әл-Фараби сынды көрнекті ойшылды алатын болсақ, совет ғалымдары С.Н. Григорянның, А. Сагадеевтің, М. Хайруллаевтың еңбектері арқылы әл-Фараби мұрасының дүниежүзілік философиядағы маңызын түсіну үшін белгілі алғышарттар жасалып отыр. Атап айтқанда, С.Н. Григорян мен А. Сагадеев әл-Фараби философиясының тарихи негіздерін, оның өз заманындағы жағдайлармен және идеологиялык күреспен байланыстылығын көрсетіп, философиясының мазмұнын терең ашып берді. Совет философтары қауымын әл-Фараби шығармаларының, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Орта Шығыстағы басқа да ойшылдар еңбектерінің кейбір негізгі текстерімен таныстырды. М. Хайруллаевтың «Әл-Фарабидің дүниеге көзқарасы» деген еңбегі – көптеген деректеме мәліметтер негізінде Фараби философиясын талдап берген алғашқы монографиялық зерттеу. Солай бола тұрса да, нақ осы еңбекте өз зерттеушілерін күтіп жатқан бірқатар проблемалар көтерілген. Антикалық философиядан шығыс философиясына, одан Батыс Еуропада схоластикаға және материализм элементтеріне, Қайта өрлеу заманы мен Жаңа Заман философиясына ойысу – дамудың үлкен тарихи кезеңі, мұны «өшіріп тастауға» немесе «қараңғы түнек» ретінде суреттеуге әсте болмайды. Бұл дәуірде де әл-Фарабидің есімі ең жарық жұлдыздай жарқырап көрінеді, өйткені ол шын мәнісінде араб философиясының негізін қалады. Ал оған алғаш жол ашқан кісі әл-Кинди арабтарды антикалық философияның қағидаларымен таныстыруға еңбек сіңірді. Дегенмен Шығыстың «бірінші философы» әл-Фараби болды.

      Әл-Фараби философиясының сипаты, негізгі өзегі, шын мағынасы қандай? Бұл сұрауға екінің бірінде: перипатетизм мен жаңа платоншылдық элементтерінің қойыртпағы, эклектика деген сияқты жауап айтылып жүр. Батыс Еуропа тарихнамасында орын тепкен бұл пікірді мықтап сынау керек болады. Бұл жерде ғалымның өз көзқарастарын негізінен Платон мен Аристотель шығармаларына берілген түсінік түрінде баяндау формасы оның системасының өзекті мәні мен мазмұны ретінде көрсетіліп жүр. Оның бер жағында түсінік парафраза формасында беріледі де, өз сөздері талданып отырған пікірлерден анық ажыратылмайды1. Мұның үстіне текстің өзінің түпкі нұсқасына сай келетін-келмейтіндігін мүлде білмеушіліктің салдарынан Аристотельге жат, жалған шығармалар оның шынайы шығармаларына баланып келді. Қайсыбір шығарманың шынайылығы жөніндегі талас тіпті біздің заманымызда да тоқталмай келеді. Егер осы жайттардың бәрін сарапқа салып СКАЧАТЬ



<p>1</p>

Жалғыз Аверроэс қана осы форманы жеңе алды және текстіге сын көзімен қарай білген.