Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
Ал батыс мемлекеттерінің өкілдері Кеңестік Ресей ұсыныстарынан бас тартып, өз талаптарын қойған болатын. Олар Кеңестік Ресейдің экономикалық және коммерциялық саларында шетелдіктерге кең түрде құқықтар беруді талап етті. Мұның мәні Ресейді экономикалық жағынан тәуелді ету ниеті еді. Бірақ Кеңестік үкімет батыс елдерінің бұл талаптарымен келіспеді.
Кеңестік өкілдік топ Генуэ халықаралық мәслихаты кезінде, яғни 1922 жылдың 16 сәуірінде Генуэ маңындағы Рапаллода (Италия) Кеңестік Ресей мен Германия арасында келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы мен Германия арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Екі жақта соғыс шығындарын қайтарып беруден және әскери тұтқындарды қамтамасыз ететін шығындардан бас тартты. Сонымен бірге Германия Ресейден патшалық кезеңдегі қарыздарды талап етпеуге келісті.Рапалло келісімі әртүрлі қоғамдық-саяси жүйедегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі оң іс болды, бірақ кеңестік өкілдік топ басқа мемлекеттермен нақтылы келісімдерге келе алмады. 1922 жылдың 19 мамырында Генуэ халықаралық мәслихаты өзінің жұмысын тоқтатты.
«Орыс мәселесін» талқылау Генуэде қатысқан елдердің қатысуымен (Германиядан басқасы) Гаагада 1922 жылдың 15 маусымынан 20 шілдеге дейін өткен халықаралық мәслихатта жалғасын тапты. Антанта елдерінің өкілдері бұрынғысынша өз талаптарын орындатуға тырысты. Кеңестік Ресейдің өкілдік тобы егер несиелер алған жағдайда пайызсыз соғысқа дейінгі қарыздарды өтейтіндіктерін қайталады. Бұл жолы да екі жақ «орыс мәселесінде» ортақ шешімге келе алмай, мәслихат жұмысы тұйыққа тірелді.
Лозанн халықаралық мәслихаты. Антанта елдері – Ұлыбритания, Италия Франция және кейінірек қосылған Грекия 20 жылдардың басындағы Түркия мен Грекия арасындағы таяушығыстық дағдарысқа қарай Севр келісімшартын қайта қарастыруды көздеді. 1922 жылдың 11 қазанында түріктік Мұдани кемежайында Антанта жағы Түркияның әскери өкілдерімен уақытша бітімге келді. Мұдани уақытша бітімі бойынша Түркия мен Грекия арасындағы әскери іс-қимылдың тоқтатылуын; гректік әскердің Шығыс Фракиядан шығарылып, оның Марицы өзенінің сол жақ жағалауына дейін әкетілуін; Марицы өзенінің оң жақ жағалауын Антанта әскерлерінің басып алуын; бүкіл Фракия аумағындағы азаматтық билікті түріктік өкілдерге 30 күн ішінде өткізуін; ешқандай тараптың өз әскер санын көбейтпеуін, бекіністерді салмау және әскери жұмыстар жүргізбеуін; бітімшарт бекітілгенге дейін Түркияның Шығыс Фракияға әскер кіргізбеуі жөнінде міндеттемені қарастырды.
Грекияның кемалдық Түркиямен болған әскери қақтығыстағы жеңілісі Ұлыбританиядағы үкіметтік дағдарысқа әсер етті. 1922 жылдың 19 қазанында Ллойд Джордж биліктен кетуге мәжбүр болды. Бонар Лоу бастаған жаңа консервативтік үкімет билік басына келді. Жаңа үкіметте лорд Джордж Керзон Сыртқы істер министрі болды. Лорд СКАЧАТЬ