Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
Юнг жоспары. 1929 жылы капиталистік елдерде басталған экономикалық дағдарыс АҚШ пен Англия, АҚШ пен Жапония, Франция мен Италия, Англия мен Франция арасында, сондай-ақ Германия мен бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаз елдер арасындағы шиеленісті күшейте түсті.
Халықаралық қайшылықтың бір құбылысы бұл төлемақы мәселесі болатын. 1929 жылдың тамызында және 1930 жылдың қаңтарында АҚШ өкілі Юнгтың басшылығымен сарапшылар Комитеті төлемақы мәселесі бойынша жаңа ұсыныстар жасаған болатын. Төлемақы төлеу мәселесінде 1930 жылы «Дауэс жоспарын» жаңа «Юнг жоспары» ауыстырып, бұл Германияға көп жеңілдік әкелген еді. Бұл жоспар бойынша жыл сайынғы төлемақы төлемі 20 пайызға төмендетілді, тіпті, осы төлемақы мәселесінде жауапкершілікті оның өзіне берді, яғни егер қиын жағдай болатын болса, төлемақы төлеуді тіпті, кейінге немесе мерзімін созатын болды. Бірақ әлемдік экономикалық дағдарыс басталған жағдайда Германия төлемақы төлеуге мүмкіндігі жоқ еді. Сондықтан да «Юнг жоспары» қабылданғаннан соң Германия мүшелік жарнаманы тоқтату жөнінде мәселе көтерген болатын. АҚШ президенті Г.Гувер төлемақы төлеу мерзімін ұзарту жөнінде ұсынысын жасады. Яғни 1931 жылғы маусымдағы «Гувер шектеуі» іс жүзінде төлемақы төлеудің тоқтатылғанының белгісі болды. Бұған ең соңғы нүкте қойған 1932 жылғы маусымдағы Лозанн халықаралық мәслихаты еді. Бұл Версаль келісімінің ең маңызды шарттарының бірінің бұзылғандығын көрсетті. Германия жағынан төлемақы төлеу міндеттерінің жойылуына байланысты, ендігі жерде Франция жағынан кепілдік ретінде неміс аумағын басып алу ешқандай негізге үйлеспеді. Сол себепті «Юнг жоспарының» қабылдануына байланысты мерзімінен бұрын 1930 жылдың 30 маусымына дейін екінші және үшінші кезектегі неміс аймақтары одақтастар әскерінен босатылуға тиіс болды. Сондай-ақ төлемақы төлеуге байланысты құрылған комиссиялар да қысқартылды. Әрине, бұл жағдайлар француздардың көңілінен шықты деп айтуға болмас. Тарихшы В.М. Турок бұл жөнінде: «Француздар үшін шығынын толтыру Германия жағынан Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алу мәселесін көтермеу міндеті және Локарно келісіміне сәйкес Рейн аймағында қарусыздандыруды сақтау. Аймақты қарусыздандыру қаулысын бұзған жағдайдан басқа уақытта Германия мен Франция әскери күшті пайдаланбауға міндетті болды. Алайда, Францияның қауіпсіздігіне сәйкес нақтылы ешқандай СКАЧАТЬ