Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
1924 жылы КСРО Норвегия, Австрия, Швеция, Грекия, Дания мемлекеттерімен де дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан болатын. Сөйтіп Еуропа елдері КСРО-ны дипломатиялық жағынан мойындай бастады. 1924 жылдың 31 мамырында Пекин үкіметімен де дипломатиялық және консулдық қатынастар орнатылды. 1925 жылдың қаңтарында кеңес-жапон конвенциясына қол қойылды. 1924 жылдың 4 тамызында Мексика КСРО-мен дипломатиялық қатынас орнату жөнінде шешім қабылдаған болатын, ал 1926 жылдың 21-22 тамызында КСРО мен Уругвай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөнінде жеделхатпен алмасады. Аргентина, Бразилия, Чили, Венесуэла, Сальвадор, Колумбия, Боливия елдері де КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы келгенімен, АҚШ-тың қарсы әрекеттерінің салдарынан бұл қатынастарға жол берілмеді және АҚШ үкіметі бұрынғысынша КСРО-ны мойындамады.
Дауэс жоспары. Экономиканың тұрақтану жылдарында (1924-1928) Германияның экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Германия репарация төлеуден бас тарта бастады. 1923 жылғы 9 қаңтардағы төлемақы төлеу жөніндегі комиссияның Германия жағынан төлемақы төлемеу әдейі істеліп отырғандығын дәлелдеген шешімі 1923 жылдың 11 қаңтарында француз және бельгиялық әскерлердің Рур аймағына басып кіруіне негіз болды. Осы бірінші дүниежүзілік соғыста жеңімпаз мемлекеттердің қатарына ілінген Франция, ендігі жерде Германияға қатысты өзінің барлық тілек-талаптарын орындатуға тырысты. Мұндай қолайлы сәт тарихта енді қашан туар деген француз үкіметі, немістерді мүмкіндігінше талан-таражға түсіруге асыққандай. Герман үкіметі амалсыздан ендігі жерде төлемақы төлеуге дайын екендігін білдіріп, кейбір мәселелерді талқылау қажеттігі жөнінде ұсыныс жасайды. АҚШ пен Англия мемлекеттері Францияның Еуропада күшейіп кетуіне жол бергісі келмеді, сондықтан да олар Францияны төлемақы мәселесінде біраз жеңілдіктер жасауға мәжбүр етті.
Осы мәселеге қатысты 1924 жылдың тамызында өткен Лондон мәслихаты америкалық өкіл Дауэстің басшылығымен сараптама комиссиясының баяндамасын құптады. Екі ел арасындағы төлемақы төлеу мәселесіндегі қайшылық 1924 жылы 30 тамызда «Дауэс жоспары» атты төлемақы төлеу жөніндегі құжаттың күшіне енуіне байланысты шешілгендей болып, 1925 жылдың тамызында өзінің үстемдігін көрсеткен француз және бельгиялық әскерлер Рур аймағын босатады6.
Германия жыл сайын төлемақының белгілі бір мөлшерін (біртіндеп оны көбейте отырып, мысалы, 1924–1925 жылдары 1 млрд марка болса, 1928–1929 жж. 2,5 млрд маркаға дейін) төлейтін болды. Жоспар бойынша Германияға ірі халықаралық несие беруді де қарастырды. Мысалы, АҚШ 800 млн марка беретін болды. Сөйтіп, Германияның экономикасы шетелдік, әсіресе, америкалық капиталға тәуелді болды.
Локарно халықаралық мәслихаты. 1925 жылдың 5-16 қазанында Локарнода (Швейцария) СКАЧАТЬ
6
Schulze Hagen. Weіmar Deutschland. 1917-1933. – Berlіn,1982. – s.275.