Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 11

СКАЧАТЬ компаниялардың тәжірибесі көрсеткендей, жоғары басшылар мен менеджерлер құндылықтары, амбициялары, олардың бизнес философиясы, тәуекелге қарым-қатынасы және этикалық көзқарастары компания стратегиясына қатты ықпал етеді екен. Ұйым басшысының қызметкерлерге қойған талабы мен шарттары оның тұлғалық қасиеттерімен байланысты.

      Кармин Гало «Инновационные секреты Стива Джобса» атты кітабында Джобстың негізгі принциптерін көрсетіп кетті:

      1. Қалаған ісіңмен айналыс

      Стив Джобс бизнесте жүрек қалауын тыңдау өте маңызды деп есептеді. Өз ісіңді сүймесең, нағыз инновациялар жасау мүмкін емес.

      2. Барлық нәрсеге өз көзқарасың болу керек

      Джобс командасына өзі сияқты ойлайтын тұлғаларды жинап алды, олар әлемді өзгертетін инновациялар жасауға көмек берді. Арріе әрдайым дамуға талпынды, ал Джобстың көзқарасы оның даму бағытын анықтады.

      3. Басқаша ойлауды үйрену керек

      Креативсіз инновация жоқ!

      4. Өнім емес, арманды сату керек

      Джобс өз тұтынушыларына ерекше ықыласпен қарады. Компания өнімін сатып алушылар жай ғана «тұтынушылар» емес, армандары, үміттері бар амбициялы адамдар. Джобс қызметін сол адамдардың арманын жүзеге асыруына көмек беруге бағыттады.

      5. Көптеген майда детальдардан арыл

      Джобс қарапайымдылықта белгілі бір нәзіктік пен жайлылық бар деп сенді. Өнім дизайні ол үшін күрделілік пен артық заттардан арылу дегенді білдірді. Осы қағида негізінде іРогі, іРһопе сыртқы пішінінің дизайндары жасалынған.

      6. Таңғалдыратын тәжірибе керек

      Арріе дүкендеріндегі қызмет көрсетудің жоғары деңгейі алтын стандартқа айналған. Олар кез келген бизнес үшін инновациялар сатып, тұтынушылармен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болады.

      7. Өз идеяңды өткізе біл

      Джобс керемет оратор болған, шешендік қабілетінің арқасында Арріе компаниясының әрбір жаңа өнімін таныстыру презентациясы нағыз театрлық қойылымға айналып отырған. Күшті инновациялық идеяны дұрыс жеткізе алмасаң, ол түкке де тұрмайтын сандырақ болып шығуы мүмкін.

      Бизнес философиясы және тұлғалық құндылықтар стратегияға қалай әсер ететіндігіне бірнеше мысал келтірейік. Жапон менеджерлерінің мақсаты – нарықты жаулау және бәсекелестік артықшылықтарды ұстап тұратын ұзақ мерзімді дамуға бағытталған стратегияны жасау. Осыған қарама-қарсы корпорацияның америкалық басшылары және Уолл Стрит қаржыгерлері қысқа мерзімде, тіпті, компанияның бәсекелестік жағдайы құлдырауынан табыс алуға ұмтылғаны үшін сынға алынды. Жапон менеджерлері стратегия құрастыру барысында тек қана өз компанияларының ерекшеліктерін ғана емес, сондай-ақ жеткізушілер, инвесторлар бизнесінің философиясы мен бизнес жүргізу өзгешеліктерін де ескеріп, оларға сәйкес болуға тырысады. Олар өз жеткізушілерімен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынаста болуды қалайды, себебі олардың есебінен жылдан-жылға СКАЧАТЬ