Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 6

СКАЧАТЬ жеке шешімдерді қабылдау қажеттігін білу;

      • жақсы саясаткер болу, өз идеяларымен шығармашылық жетістікке жету өнеріне ие болу, диктатор ретінде емес, ұйымның мүшесі немесе көшбасшысы ретінде қызмет ету;

      • өзгермелі орта стратегиялық менеджерден белгілі икемділікті талап етеді. Ол қалыптасқан жағдайға бейімделуге міндетті. Бұл ұйым ешбір мақсатсыз қызмет етуі тиіс деген сөз емес, бірақ қажет болған жағдайда оларды түзеуге, өзгертуге дайын болу керек;

      • жеке бағыттарда бағдарламалардың дамуына ықпал ету.

      Стратегиялық менеджер – ұйым қызметінде, оның басты жеке бөлімшелерінде өз ізін қалдыратын тұлға. Негізгі міндеті – сыртқы орта өзгерісіне сәйкес ұйым қызметінің дамуын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

      Кең мағынада менеджерлердің міндеті ұйым мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін, сонымен қатар оның ішкі және сыртқы факторларына әсер ететін құрылымды таңдау. Ең тиімді құрылым – бұл ұйымға сыртқы орта мен тиімді әсер етуге, қызметкерлердің күшін мақсатты бөлуге және бағыттауға, осы арқылы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өзінің мақсаттарына жоғары тиімділікпен жетуге мүмкіндік беретін құрылым.

      Кейде стратегиялық менеджерлерді кешенді менеджерлер деп атайды. Олар бизнестің жеке қызметтерін жүзеге асыратын (кадрлар, жабдықтау, өндіріс, сату, тұтынушыларға қызмет көрсету, есептілік) функционалды менеджерлерден ерекшеленеді және ұйымды стратегиялық мағынада басқара отырып, маңызды орын алады.

      Білікті басқару менеджерлерден стратегиялық ойлау мен стратегияны құрастыра алу қабілетін талап етеді. Бүгінгі менеджерлерге ұйымның жағдайы және болып жатқан өзгерістердің әсері туралы стратегиялық тұрғыда ойлануға тура келеді. Олар стратегияға өзгерістерді қай уақытта енгізу керектігін білу үшін сыртқы ортаны мұқият талдауға мәжбүр және ұйымның қызметімен жіті таныс болуы шарт. Басқаша айтқанда, стратегиялық басқару бүкіл ұйымды басқарудың негізі болып табылады.

      Стратегиялық басқарудың және саналы стратегиялық басқарудың артықшылығы:

      • ұйымның стратегияның негізгі аспектісіне бағытталуын қамтамасыз етеді: «біз не істеуге тырысамыз және қандай нәтижеге жетеміз?»;

      • менеджерлердің өзгерістерге, жаңа мүмкіндіктерге және қауіпті үдерістерге ширақ әсер етуін талап етеді;

      • капитал салымдарының балама түрлерін және персоналдың кеңеюін бағалау мүмкіндігі, яғни ресурстарды саналы түрде стратегиялық негізделген және тиімді жобаларға ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      • барлық басшылардың стратегиямен байланысты шешімдерін біріктіру мүмкіндігін береді;

      • жағдайдың өзгеруіне баяу жауап қайтаруға алып келетін, кері әсер ететін үрдіске және белсенді басшылыққа қолайлы орта қалыптастырады.

      Бесіншіден, сыртқы орта факторларына жай жауап қайтаруды емес, белсенді әрекет етуді қолдайды. СКАЧАТЬ