Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 12

СКАЧАТЬ орындаудағы қалыптасқан әдістер компания мәдениетін құрайды. Компанияның стратегиялық әрекеттері мәдени және басқарушылық құндылықтарын көрсетеді. Кейде көзқарастар мен мәдени құндылықтар стратегиялық қадамдарды таңдау кезінде үстемдік етеді. Олар менеджердің санасына енетіндігі соншалық, ұйым қоршаған орта жағдайына қалай әсер ететіндігінің айқындаушы факторы болады. Мәдени құндылықтардың мықты әсері үнемі нарыққа жаңа өнім ендіретін, жоғары сапалы технология негізінде өз клиенттерінің сұраныстарын толық қанағаттандыру барысында және адам факторына бағдарланатын компанияның қызметтерінде көрсетіледі.

      Соңғы жылдарда көптеген компаниялар бизнес жүргізудің негізіне адам қүндылықтарын жатқызады. Мысалы, компаниялардың бірі өзінің қүндылықтарын келесідей баяндайды: «Біз нарыққа бағдарландық. Біздің барлық бастамаларда адам бірінші орында. Адалдық, эділеттік жэне парасаттылық біздің түтынушылармен, клиенттермен, жеткізушілермен, акционерлермен жэне қызметкерлермен қарым-қатынаста негіз болуы керек екендігіне сенеміз». Samsung компаниясының үстанымы бойынша, қүндылықтарға сүйену бизнесті табысты жүргізудің кілті. Toyota пайда болған күннен бастап, «жоғары сапалы өнім өндіру негізінде қоғамның дамуына үлес қосу» қағидасын ұстанды. Компанияның табыс кілті – Toyota Way философиясы мэнінде жатқан бизнесті жүргізу эдістерінде. Ол компанияны табысқа жеткізген корпоративті мэдениет, бизнес-үдерістерін, қызмет ету қағидаларын сипаттайды.

      Аталмыш философия бірнеше негізгі элементтерден тұрады:

      • Шақыру (Challenge) – белсенді қызмет атқару және жауапкершілікті ала білу;

      • Жақсарту (Kaizen) – қызмет көрсету үдерісін үздіксіз жетілдіру, әрдайым инновациялық шешім қабылдауға ұмтылу;

      • Жүру және көру (Genchi Genbutsu) – нақты фактілерге қарап шешім қабылдау;

      • Құрмет (Respect) – өзара түсіністік, шыдамдылық және әріптестер мен түтынушыларға құрметпен қарау;

      • Командалық жұмыс (Teamwork) – қызметкерлер арасында үздіксіз пікір алмасу және өзара тәжірибе бөлісу.

      Wal-Mart супермаркеттер желісінің негізін қалаушы Сэм Уолтон үқыптылық, жұмысқа ынталылық, үнемі өзін-өзі жетілдіру, клиентке сенімділік, қызметкерлерге шынайы қамқор болудың нағыз жақтаушысы болды. Осы қүндылықтарды ескере отырып, компания міндеттері төмен бағаларға, қосымша артықшылықтарға, заманауи технологияларды қолдану негізінде өнімділікке, жеткізушілермен үнемі жұмыс істеуге негізделген стратегияда көрініс тапты.

      Hewlett-Packard компаниясының «НР жолы» деп аталатын негізгі қүндылықтары келесідей еді: «Компания табысын қызметкерлермен бөлісу, жұмысшыларға сенім мен құрмет көрсету, клиенттерге жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер ұсыну, клиенттердің мәселелерін тиімді шешуде шынайы қызығушылық таныту, акционерлер мүддесіне пайда табуды қамтамасыз ету, компанияның дамуын көздеу үшін ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерге жол бермеу, жеке бастамалар мен үсыныстарды СКАЧАТЬ