Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 14

СКАЧАТЬ жарықтандыру приборлары, медициналық диагностика мен теледидар құралдарын өндіруде көшбасшы позицияға ие. Жалпы айтқанда, Toyota және Ford, LG және Sony, Eastman Kodak және Fuji Photo Film Co., Procter & Gamble және Unilever, KLM және Lufthansa секілді күшті бәсекелестердің ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттары арасында маңызды айырмашылықтар бар.

      Ұйым миссиясы туралы қандай да бір құнды нәрсе білу үшін, «Қалай және кім үшін пайда табу керек?» деген сұраққа жауап беруге тиіспіз. Оның стратегиялық болжамы мен миссиясын жасауда үш аспект бар (9-сурет). Миссиямен байланысты стратегиялық болжамды құрастыру және оны барлық басқарушылары мен жұмысшыларына жеткізу компания бизнесінің тұжырымдамасын, ұзақ мерзімді даму мақсаттарын айқындау секілді маңызды. Анықталған нақты болжам мен миссия қызметкерлерді шабыттандыра отырып, оларға бекітілген міндеттерді орындауда ынталандырушы қызметін атқаруы тиіс. Қызметкерлердің жұмысты атқаруда жауапкершілік пен орындалған жұмысқа мақтаныш сезімін ояту, оларды жұмысқа шабыттандыру үшін менеджерлердің айтар ойы нақты болуы керек.

       9-сурет. Компанияның стратегиялық болжамы мен миссиясын жасау кезінде қарастыратын аспектілер

      Адамдар өз жұмысының алдына биік мақсаттар мен міндеттер қоя отырып, бәсекелестерін басып озуға талпынатын компания қызметімен бірге екенін әрқашан да мақтан тұтады. Компания менеджерлерімен анықталған стратегия әрқашан да жұмысшыларды жай ғана жұмысқа келу үшін емес, бизнестің мүддесімен өмір сүруге ынталандырады. Егер компания миссиясына өзгеріс енгізілсе, менеджер оның негізгі себебін анықтап, басқаша әрекет ету үшін оны қызметкерге жеткізуі қажет. Олар сыртқы орта өзгерістері мен бизнестегі жаңашылдықтар ұйым миссиясын өзгерту қажеттілігін тудырып отырғанын түсінбейінше, компания жұмысы алға баспайды.

      Өте сәтті жасалған миссия қарапайым әрі нақты болады, түсінікті жеткізіледі, ол компанияның болашақтағы қызметіне бағдар беріп, әрбір қызметкердің жұмысқа деген құлшынысын туғызуға ықпал етеді.

      Кейбір табысты компаниялардың миссиясымен танысып көрейік.

      Facebook миссиясы: «Адамдарға өз өмірін өзгелермен бөлісуге мүмкіндік бере отырып, ашық әрі бірлескен әлем құру».

      Google миссиясы: «Әлемдегі барлық ақпаратты ұйымдастырып, оны әркім үшін қолжетімді және пайдалы ету».

      Microsoft миссиясы: «Әркім үшін өз әлеуетін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беру».

      Skype миссиясы: «Нақты уақыт кезеңінде адамдар қарым-қатынас жасау үшін платформа болу».

      YouTube миссиясы: «Видео-контенттерге тез және жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз ету, өзгелермен видео алмасуға мүмкіндік жасау».

      Twitter миссиясы: «Кез келген жерде адамдарды тез байланысқа шығару».

      Apple миссиясы: «Инновациялық шешімдерді қолдану арқасында әлемдегі әр студент, педагог және шығармашылық тұлғаны ең жақсы персоналды компьютерлермен қамтамасыз ету».

      Adidas СКАЧАТЬ