Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 13

СКАЧАТЬ target="_blank" rel="nofollow" href="#i000003630000.jpg" alt="Cурет-1"/>

      • Біз өз компаниямызды болашақта қандай болады деп есептейміз?

      • Не істегелі жатырмыз? Не өндіреміз, не сатамыз?

      • Неге қол жеткізгіміз келеді?

      Бұл сұраққа нақты әрі негізделген жауап беру үшін менеджер өз компаниясының бүгінгі күнгі және болашақтағы қызмет сипатын, сондай-ақ алдағы 5-10 жылдағы қажеттіліктерін ойластыра алуы тиіс. Оның «Біз кімбіз, не істейміз, қайда бағыт алдық?» деген сұраққа берер жауабы ұйым жүзеге асыра алатын және көшбасшылық пен даралыққа ие болуға көмек беретін бағдар болуы тиіс. Компанияның атқаруға жоспарлаған шаралары, жалпы алғанда, компания миссиясы болып табылады. Менеджер миссияны алға қоя отырып, компанияның қызмет саласын, сондай-ақ өз клиенттеріне ұсынатын қызметтерін анықтайды. Ол бұларды стратегиялық тұрғыдан ойластыру қажет. Мұның бәрі компанияның ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасын әзірлеумен қатар жүріп отыруы тиіс. Өз компаниясының менеджерге көрінген нарықтағы орны стратегиялық болжам болып табылады. Миссия мен стратегиялық болжамды дамыта және жария ете отырып, қызметкерлерді мақсаттың мәнімен таныстырып, болашақ даму бағытын түсіндіреді.

      Әрине, ұйымның қызмет түрін анықтау оның стратегиялық болжамын, миссиясын және мақсаттарын айқындаумен қатар жүреді. Бірақ алдымен ұйым қызмет түрін немесе бизнес түрін таңдап алуы қажет деп ойлаймыз. Бизнес тұтастай алғанда, үш нақты көрсеткішпен анықталады: немен, қалай және кімнің қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ұйымның қандай қызметтермен және өндіріспен айналысатынын ғана білу жеткіліксіз. Өйткені сатып алушылар үшін маңызды емес, олар қандай да бір мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандырған кезде ғана бизнеске айналады. Сұраныс болмаса, бизнес те болмайды. Сатып алушы топтың өзіндік мәні бар, себебі олар қандай географиялық территориялар қамтылғанын және компанияның қандай сатып алушылар типтеріне бағдарланғанын көрсетеді.

      Бизнесті дұрыс анықтау әдетте үш факторды есепке алуды талап етеді:

      • Сатып алушылар қажеттілігі немесе не өндіру қажет?

      • Сатып алушылар тобы немесе тауар кім үшін өндірілуде?

      • Технологиялық және функционалдық атқару, яғни сатып алушылар қажеттілігі қалай қанағаттандырылады?

      Технологиялық және функционалдық қызметтер де маңызды, себебі, ол компанияның сатып алушылар қажеттілігін қалай қанағаттаңцыратынын және «өнеркәсіптік өндіріс – тарату» тізбегі қанша операцияны өзіне біріктіретінін көрсетеді. Мысалы, компания барлық тізбектің қандай да бір бөліміне маманданған болуы мүмкін немесе толық интеграцияланған, яғни өндіріс тарату тізбегінің барлығын қамтуы мүмкін. Sulpak, Технодом, Астана моторс – бір саланың бірліктері. Олардың қызметтері өнімді бөлшек сатуға негізделген; сататын затты өздері өндірмейді. Эйр Астана да бір саланың кәсіпорны. Ол өздері ұшатын лайнерлерді шығармайды және ұшақ қонатын әуежайларды қадағаламайды. Эйр Астана саналы түрде өз қызметін жолаушыларды бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен шектейді. Exxon Mobil және Chevron секілді ірі мұнай компаниялары толық интеграцияланған. СКАЧАТЬ