Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 10

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Ұйымға саяси шаралармен байланысты тұрақсыздық арқылы, өзі туралы негативті қоғамдық пікірлер салдарынан әртүрлі әлеуметтік топтармен, мақала, тергеумен жан-жақтан қысым көрсетілуі мүмкін. Компания стратегиясын таңдауға қоғамның әлеуметтік-психологиялық ахуалы, ірі зауыттардың жабылуы ықпалын тигізеді. Ол қоғамдық құқықтармен, құндылықтармен және басымдылықтармен санасуы керек, сыртқы жағдайды талдауда мемлекеттік реттеу нормалары мен заңнаманы сақтап, ескеруі тиіс. Бұл қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қысым өскенде барынша қажет бола бастайды. Ұйым стратегиясын әлеуметтік талаптарға сай жасау міндеті келесілерді білдіреді:

      • қоғам мүддесі мен белгілі бір этика нормалары шегінде іскерлік белсенділіктің көрінуі;

      • әлеуметтік басымдықтар мен қоғам сұраныстарына позитивті әсер ету;

      • реттеу нормаларымен қарама-қайшылыққа келудің алдын алу үшін шешім қабылдауға үнемі дайын болуы;

      • акционерлер мен қоғам мүдделері арасында теңгерімді ұстап тұру;

      • қоғамда компанияның азаматтық позициясын қамтамасыз ету.

      Әлеуметтік бейімделу идеясы компания миссиясының тұжырымдамасында жақсы көрініс алады. Мәселен, 8іагЬискз компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі мынадай бағыттармен айқындалған:

      • қоршаған орта мен қоғам туралы мәселелерді шешуге белсенді қатысу;

      • адамзат жетістіктерін қадірлеу;

      • әлемдегі ең сапалы кофені ұсыну;

      Компания бизнесі осы қағидаларға негізделген, оларды күнделікті қызмет барысында ұстанады. Көп жылдық тарихқа ие §{агЬискз-тьщ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бар, ол компанияның дәстүріне айналған.

      Сала тартымдылыгы мен бәсеке деңгейі

      Қандай қызмет түрі болса да сол саланың тартымдылығы мен бәсеке деңгейі стратегияны айқындайтын елеулі факторлар болады. Осы факторлар компания нарықта қандай орын алатынына және бәсекелестік күрестің стратегиясы қандай болатынына тікелей әсер етеді.

      Егер қызмет түрі тартымды, бірақ бұл саладағы бәсеке деңгейі едәуір күшейсе, компания өзінің позицияларын қорғау үшін қандай да бір шаралар қолдануға міндетті. Мұндай әрекеттер түріндегі бәсекелестерге белсенді шабуыл жасау, баға саясатындағы өзгерістер, жаңа технологияларды, инновациялық өнімдерді өндіріске енгізу – ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға итермелейді. Аталмыш шаралар компанияның ағымдағы стратегиясын қайта қарастырып, жетілдіруге септігін тигізеді. Сондықтан стратегияны құрастырушы топ-менеджмент өз саласындағы бәсекелестік күрестің бағытын анықтап, онымен күресудің жаңа әдістері мен тәсілдерін үнемі үйреніп отырады.

      Ерекше нарықтық мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер

      Компания мүмкіндіктері мен сыртқы қауіп-қатерлер стратегияға әсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Ұйым даму стратегиясын тұрақты бәсекелік мүмкіндіктерді көбейтіп, компания табыстылығымен барынша СКАЧАТЬ