Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 8

СКАЧАТЬ дайындалады. 1) Бизнес-стратегия – компания бағытын айқындайтын негізгі стратегия. 2) Функционалдық стратегия – компанияның әрбір қызметтік бөлімдері үшін іскерлік стратегия негізінде даярланған стратегия: өндіріс стратегиясы, қаржы, маркетинг стратегиясы және т.б. 3) Операциялық стратегия – негізгі құрылымдық бірліктер үшін құрастырылған тар стратегия: зауыттар, өңірлік сауда және бөлім өкілдері.

      7-суретте тар салалы компаниялар үшін стратегияны дайындау пирамидасы көрсетілген.

       7-сурет. Бизнес бірліктер стратегиясын құрастыру пирамидасы

      «Бизнес-стратегия» термині компания қызметінің жеке аясын стратегиялық басқаруды білдіреді. Ол қызметтің нақты бір саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында басшылықпен дайындалатын бірқатар тәсілдеме мен бағыттардан тұрады.

      Бұл стратегия компанияның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілетті позициясын нарықта белгілеу және нығайтуға бағдарланған. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін іскерлік стратегия келесідей негізгі бағыттар бойынша әзірленеді:

      • сол салада, экономикада, саясатта және басқа да маңызды салада болып жатқан өзгерістерге әсер ету;

      • бәсекелестер арасында артықшылық әкелетін нарықтық тәсілдеме, әрекеттер мен бәсекеге қабілетті шараларды дайындау;

      • функционалдық бөлімдерді, стратегиялық бастамашыларды біріктіру;

      • қазіргі таңда маңызды нақты стратегиялық мәселелерді шешу.

      Бәсекелестер алдында артықшылық беретін бизнес-стратегияны дайындаудың үш қыры бар:

      • компания бәсекелік күресте ұтуға мүмкіндігі бар жер туралы мәселені шешу;

      • ұсынылатын өнімнің сатып алушы қызығушылығын оятып, компанияны басқа бәсекелестер ортасынан ерекшелеуге қабілетті сипаттамаларын дайындау;

      • қарсыластардың бәсекелестік шараларын бейтараптандыру.

      Бәсекелестік стратегиясы бір уақытта шабылдаушы және қорғаушы, яғни кейбір әрекеттер арқылы бәсекелестердің нарықтық позициясына тікелей шабуылы, екінші жағынан, бәсекелестік күрестің жаңа әдісін бейтараптандыру ұмтылысы болуы мүмкін. Негізгі үш бәсекелік тәсілдеме болып мыналар табылады:

      • төмен шығынды өндіруші болуға ұмтылу;

      • жұмыс сапасы, көрсеткіштері, қызмет көрсету, стиль, технологиялық жетістік, тым жоғары құндылық секілді артықшылықтарға негізделген даралануға қол жеткізу;

      • жұмысты бәсекелестерге қарағанда барынша сапалы орындап, сатып алушылардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы нарықты аз уақыт ішінде жаулау.

      Бизнес-стратегия компания үшін ерекше стратегиялық ойларды ендіру бойынша жоспарларға қолданылады, мәселен, өндірісті кеңейту, жабдықты ауыстыру, жаңа салада ғылыми-зерттеу жүргізіп, инновациялық қызметке бағытталатын шығындарды СКАЧАТЬ