Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 5

СКАЧАТЬ инвестициялық салымдардың бағыттары күрт ауыстырылып, ұйым персоналының мамандану деңгейі жоғарылатылып үлгермеу қаупі тууы ықтимал.

      Сондықтан да стратегиялық басқару үдерісі күрделі және көптеген факторларды ескеруді талап етеді. Тиімді старегияны құрастыру оны тиімді жүзеге асырумен жалғасуы тиіс. Ал ол үшін, ең алдымен, стратегияны іске асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық мәдениетті қалыптастыру, еңбекті ынталандыру және ұйымдастыру жүйесін тиімді ету, сыртқы орта өзгерістеріне икемді ету шараларын ойластыру қажет.

      1.3. Ұйым стратегиясын құрастыру үдерісінің кезеңдері

      Стратегияны құрастыру және енгізу үдерісінің теориялық және тәжірибелік негіздерін көптеген ғалымдар мен басшылар жылдар бойы талқылап, зерттеп келеді.

      Стратегияларды әзірлеуде әрқашан қалай деген сұрақ жүреді (3-сурет):

       3-сурет. Стратегияларды әзірлеу барысында туындайтын сұрақтар

      Менеджерлер осы негізгі сұрақтарды шешудің тиімді жолдарын іздестіріп, мындаған ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өңдеумен айналысады. Стратегияны құрастыру, ең алдымен, компанияның бизнес философиясын: көрінісін, миссиясын, мақсаттарын айқындап алудан басталады. 4-суретте стратегия құрастырудың құрамдас бөліктері мен кезеңдері көрсетілген.

      Біріншіден, ұйымды тұрақты даму жолына түсіру, мақсаттарды анықтау, стратегияны құрастыру, стратегияны жүзеге асыру және ұйым қызметін бағалау стратегиялық менеджменттің негізі болғанымен, шын мәнінде осы міндеттер жеке жүзеге асырылмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты.

      Мысалы, қандай іс-әрекет жасау керектігі туралы болжам стратегияны сәтті жүзеге асыруға бола ма деген мәселені қозғайды.

       4-сурет. Стратегия жасаудың жалпы сызбасы

      Ұйымның миссиясы туралы мәселелер мақсаттарды анықтаумен тығыз байланысты. Батыл, бірақ шынайы мақсаттарды қою кезінде, менеджерлер ағымдағы қызметтің көрсеткіштерін, сонымен қатар, ұйымның рентабельділігін көтеретін стратегиялық таңдаулардың барын есепке алуы қажет. Стратегия туралы шешім қабылдау ұзақ уақыттық даму жолдарымен және мақсаттарды төмендету, көтеру деңгейіне байланысты қиындатылуы мүмкін.

      Мақсат – бұл нәтиже мен жеңіс, ал стратегия сол мақсатқа жетудің ең тиімді жолы. Ол – менеджердің стратегиялық, сондайақ қаржылық міндеттерді өзара байланыстыра отырып орындау үшін қолданылатын құралы.

      Екіншіден, стратегиялық менеджменттің міндеттері өз бетінше жеке іске асырылмайды. Олар менеджерлердің күнделікті жұмыстарымен қатар жүреді – күнделікті операцияларды бақылау, дағдарыс жағдайынан шығу, жиналыстарға бару, сонымен қатар қосымша міндеттерді атқару және қоғамдық жұмыстармен айналысу. Сондықтан, стратегиялық басқару бойынша міндеттер менеджменттің басты функцияларының бірі болса да, барлық менеджер ол үшін жауапкершілік СКАЧАТЬ