Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Автор: К. А. Саркенова
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-29-641-3
isbn:
Демографиялық дағдарыс мәселелері бүгінгі тарихшылардың еңбектерінде кеңінен зерттелуде49.
30-жылдардағы халық тарихына алғаш қалам тартқан ғалымдардың бірі Ф.Д. Лившиц болды. Оның мақаласы мұрағат материалдары әлі толық ашылмаған әрі көп нәрсені еркін баяндауға мүмкін болмаған уақытта жарық көрген50. Ф.Д.Лившиц мақаласының ең бір ерекшелігі оның статистикалық мәліметтерді шұқшия саралап, әртүрлі деректерді салыстыра отырып, болған оқиғаларды қайта сол қалпында беруге ұмтылуы. Сібір, Украина және Қазақстан аймақтарына қатысты 1939 жылғы санақтың ішінара материалдары 1970 – 1980 жылдары бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде жарық көрген51. Солардың бірі – қазақстандық ғалым М.Тәтімовтың «Цифрлар шежіресі» еңбегі.
Онда 1897 жылғы алғашқы Бүкілресейлік санақ пен 20-ғасырдың 60-жылдары аралығындағы қазақ халқының демографиялық тарихы сипатталған. Еңбекте 1920 – 1930 жылдардағы халықтың табиғи өсімі және РКФСР-ге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Сібірге, шетелге қоныс аударған қазақтардың тарихы баяндалған. Автордың көрсетуінше 1926 жылғы санақ бойынша көршілес республикаларда 314 мың қазақ болса, ал 1939 жылдың санағынша олардың саны 453 мыңға жеткен. Сонда екі санақ аралығында (1926 – 1939) мигранттар есебінен қазақтардың саны РКФСР-да 2,3 есеге, Өзбекстанда – 1,7 есе, Түрікменстанда – 6 есе, Тәжікстанда – 7 есе, Қырғызстанда – 10 есеге артқан.
Ғалым М.Тәтімов басқа да еңбектерінде ұжымдастыру салдарынан болған демографиялық зардаптарды, яғни халықтың саны, құрамында болған өзгерістерді сипаттайды52.
1960 – 1980 жылдары бұл мәселе Ә.Ғалиев, Ф.Базанова, Н.Мышко, И.Никифоров еңбектерінде көрініс тапты. Ә.Ғалиев кеңестік тарихнамада алғаш рет 1926 жылдың санақ материалдары негізінде 20-жылдардағы Қазақстан демографиясын үш – этнодемографиялық, орналасуы, әлеуметтік-кәсіби аспектіде талдайды53. Жалпы бұл кезеңде Қазақстанның 1920 – 1930 жылдардағы халық тарихы өте аз зерттелді. Жоғарыда келтірілген еңбектерден басқа жоқ деуге де болады. Іргелі зерттеулердің өзінде халық саны, әкімшілік-аумақтық өзгерістер туралы мәліметтер жоққа тән. Осы мәселеге қатысты іргелі зерттеулер тек 1987 жылдан жариялана бастады. Оған М.Х.Асылбеков пен Ә.Б.Ғалиевтің «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917 – 1980)» еңбегін жатқызуға болады. Онда Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық үрдістер – халықтың табиғи өсімі, ұлттық, әлеуметтік, аумақтық жас/жыныс құрамындағы өзгерістер, миграция және демографиялық саясат ретроспективті берілген.
90-жылдардың басында А.В.Топилиннің қазақстандық немістерге, ал П.М.Полянның 30-жылдары Қазақстанға зорлықпен қоныс аударғандар туралы мақалалары жарияланды54. Кейін 2001 жылы П.М.Полянның «Не по своей воле…: История и география принудительных миграций в СССР»55 монографиясы жарық көрді. Автор бұл еңбегінде депортацияланғандар мен СКАЧАТЬ
49
Максудов, Солодов. Начало 37-го: перепись // Минувшее. Исторический альманах. Париж. 1986. – С. 255 – 271; Баратова Г.С. География расселения и динамика численности уйгуров на территории Казахстана на рубеже XІX – XX вв. // Вопросы истории и культуры уйгуров. Алма-Ата, 1987. – С. 81 – 97; Григорьев В. Қасірет қатпарлары // Жұлдыз. 1988. № 7; Данилов В.П. Дискуссия в западной прессе о голоде 1932 – 1933 гг. и демографической катастрофе 30 – 40-х гг. в СССР // ВИ. 1988. № 3; М.Тәтімовтың осы мәселеге байланысты жарық көрген басылымдары: Лениншіл жас. 1988. 14 сентябрь; Сонда, 1988. 1 октябрь; Ленинская смена. 1988. 19 октябрь; Қазақ әдебиеті. 1988. 28 октябрь; Тольц М.С. Сколько же нас тогда было? //Огонек. 1987. № 51. – С. 10 – 11; Тольц М.С. Репрессивная перепись // Родина. 1989. № 11; Тольц М.С. Недоступное измерение // В человеческом измерении. М.: Прогресс, 1989. – С. 325 – 342; Абылхожин Ж., Татимов М. Коллективизация в Казахстане //Ленинская смена. 1988. 19 октябрь; Абылхожин Ж., Козыбаев М., Татимов М. Казахстанская трагедия // ВИ. 1989. № 7; Галиев А. Голод в Казахстане // Заря. 1989. № 11. – С. 12 – 13; Григорьев В. Письмо Т.Рыскулова Сталину (содержание, замысел, результаты) // Заря 1989. № 8. – С. 12 – 14; № 9. – С. 8 – 9; Кусаинов А.К. Некоторые вопросы переводов кочевых и полукочевых хозяйств на оседлый образ жизни // Известия АН КазССР. серия общ. наук. Алма-Ата, 1989. № 1; Цаплин В. Статистика жертв сталинизма в 30-е годы // ВИ. 1989. № 4. – С. 175 – 180; Тәтімов М. Мешін жылғы апат // Жұлдыз. 1989. № 2; Новиков Ю. Конец “абсолютного пастбища” // Простор. 1989. № 6. – С. 116 – 196; Козыбаев М. Политический портрет Ф.И.Голощекина // Заря. 1989. № 3. – С. 6 – 7, 18 – 22; Конквест Р. Обвинения в антикоммунизме лишено оснований // ВИ. 1989. № 3. – С. 187 – 188; Никифоров И.Д. Городское население Казахстана по переписи 1939 г. // Известия АН КазССР. сер. общ. наук. 1990. № 1. – С. 33 – 39; Максудов С. Начало 37-го года //Сельская молодежь. 1990. № 9. – С. 46 – 51; Андреев, Дарский Л.Е., Харькова Т. Опыт оценки численности населения СССР. 1926 – 1941. Краткие результаты исследования // Вестник статистики. 1990. № 7. – С. 34 – 45; “Три цифры” из нашей истории // Аргументы и факты. 1990. № 13. – С. 7; № 19. С. 15; Акатаев С.Н. Спасибо – Мирзояну, проклятие – Голощекину. Телеграммы Голощекина Сталину // Заря. 1990. № 2. – С. 20 – 22; Волков А. Из истории переписи населения 1937 г. // Вестник статистики. 1990. № 8. – С. 45 – 56; Хлебас Н.В. Чаянов и демография // Социально-классовая структура и демографические процессы в России и СССР: вопросы комплексного изучения. Сб.ст. М. 1990. – С. 52 – 58; Жиромская В.Б. Социальный половозрастной состав населения СССР в середине 20-х гг. // Там же. – С. 59 – 68; Киселев И.Н. Развитие системы текущего демографического учета городского и сельского населения СССР в 1920-х гг. // Там же. – С. 97 – 98; Жиромская В.В. Всесоюзные переписи населения 1926, 1937, 1939 гг.: история подготовки и проведения // История СССР. 1990. № 3. – С. 93 – 98; Жиромская Б. Демографическая характеристика администативно-управленческого аппарата 1920 – 1930 гг. // Тезисы докладов и совещаний VІІ Всесоюзной конференции по исторической демографии. Ч.1. Донецк: «ДГУ», 14 – 15 мая 1991 г. – М., 1991. – С. 6 – 8; Араловец Н.А. Источники по социально-демографической политики советского государства в 1920-е годы // Там же. – С. 28 – 29; Филимонов С.Б. История народонаселения в трудах краеведов России 1920-х гг. // Там же. – С. 30 – 32; Хлебас Н.В. Изучение исторической демографии в аспекте концепций советских экономистов 20-х гг. //Там же. – С. 33 – 34; Кожалянко Г.К. Украинское население Казахстана и Сибири //Там же. – С. 64; Алексеенко А.Н. Формирование населения Казахстана в конце XІX – XX вв. // Там же. – С. 71 – 72; Земсков В.Н. “Кулацкая ссылка” в 30-е гг. // Социс. 1991. № 10. – С. 3 – 21; Поляков Ю.А., Жиромская В.Б., Киселев И.Н. Полвека молчания. Всесоюзная перепись населения 1937 г) // Социс. 1990. № 6 – 8; Конквест Р. Жатва скорби // ВИ. 1990. № 4. – С. 88; Дэвис Р. (Великобритания) – Данилов В. (СССР) – диалог историков // История СССР. 1990. № 2. – С. 91 – 97; Жиромская В.Б., Киселев И.Н. Население СССР по материалам переписей 1937 и 1939-х гг. //Комплексный подход к изучению социальной структуры. Источники и методы. Сб. научных трудов. – М., 1991. – С. 28 – 40; Жиромская В.Б., Киселев И.Н. Репрессивная перепись // Всесоюзная перепись населения 1937 года. Краткие итоги. М., 1991. – С. 4 – 21; Дэвис Р. (Великобритания). Советская экономика в период кризиса. 1930 – 1933 гг. // История СССР. 1991. № 4. – С. 198; Земсков В.Н. Об учете спецконтинента НКВД во всесоюзных переписях населения 1937 и 1939-х гг. // Социс. 1991. № 2. – С. 74; Земсков В.Н. Спецпереселенцы // Там же. 1990. № 11; Земсков В.Н. ГУЛАГ (историко-социологический аспект) // Там же. 1991. № 6 – 7; Максудов С. Потери населения СССР в годы коллективизации // Звенья. Исторический альманах. 1991. Вып. 1. – С. 65 – 112; Наумова О.Б. Некоторые аспекты формирования современной бытовой культуры в многонациональных районах Казахстана //Современное развитие этнических групп Средней Азии и Казахстана. М., 1992. Ч. 1. – С. 5 – 50; Джарылгасынова Ш. Этнокультурное развитие корейцев Средней Азии и Казахстана // Там же. – С. 50 – 108.
50
Волков А.Г. Шаг к правде. О статье Ф.Д.Лившица // Демографические процессы в СССР. – М. 1990. – С. 169.
51
Гущин Я.К., Кошелева Э.В., Чарушин В.Т. Крестьянство Западной Сибири в довоенные годы. 1935 – 1941. – Новосибирск. 1975; Московский А.С., Исупов В.А. Формирование городского населения Сибири (1920 – 1939). – Новосибирск. 1984; Терковский А.А., Пирожков О.К. Демографічні втрати УкрССР у 30-ті роки // Украінскі історичний журнал. 1989. № 8. – С. 24 – 35; Тәтімов М. Цифрлар шежіресі. – Алматы, 1968; Тәтімов М. Демография – халықтану (халықтың саны мен құрамын зерттеу). – Алматы, 1975; Татимов М. Демография – наука о народонаселении. – Алматы, 1984.
52
Тәтімов М. Цифрлар шежіресі. – Алматы, 1968; Тәтімов М. Демография – халықтану (халықтың саны мен құрамын зерттеу). – Алматы. 1975; Татимов М. Демография – наука о народонаселении. – Алматы, 1984. – 37, 45, 61-б.: Тәтімов М. Елбасы және ел саны: Сырсұхбат кітабы. – Алматы: «Арыс», 2009.
53
Галиев А.Б. К демографической характеристике КазССР (по материалам переписей 1926 г.) // Известия АН КазССР. Сер. общ.наук. 1978. № 4. – С. 42 – 48; Галиев А.Б. Из истории организации переписи населения 1926 г. в Казахстане // Вопросы социалистического строительства в КазССР. – Алма-Ата. 1978. Вып. 4; Галиев А.Б. Профессиональный состав и социальная структура населения КазССР по материалам переписи 1926 г. //Там же. – Алма-Ата, 1979; Галиев А.Б. К истории миграции населения Казахстана //Вестник АН КазССР. 1979. № 5. – С. 55; Галиев А.Б. Население Казахстана в конце восстановительного периода: численность, национальный и социально-профессиональный состав. – Алма-Ата, 1979.
54
Миграция населения. – М.: РАН, 1992.
55
Полян П.М. Не по своей воле…: История и география принудительных миграций в СССР. – М., 2001.