1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 5

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ target="_blank" rel="nofollow" href="#n34" type="note">34, қазақ ауылының көшпелі шаруашылығы пролетарлық диктатура жағдайында өндірістік дамудың мүддесіне қарама-қайшы. Сондықтан өндірістік қатынастың бұндай ескірген түрін жойып, дамыған жоғары жаңа саты – социалистік түрге революциялық қадам жасау35 идеясы үстемдік етті. Әрине 1930 – 1950 жылдары қалыптасқан бұндай идеялардың құрсауынан тек 80-жылдардың ортасында ғана шығуға мүмкіндік туды. Қазіргі қазақстандық тарихнамада номад36 мәселесі жан-жақты зерттеліп, онымен айналысатын ғылыми мектептердің, зерттеушілердің қатары өсіп келеді.

Сонымен экономиканы қатаң бюрократиялық жүйе арқылы басқарудың көшпелі шаруашылық үшін тиімсіздігін 1928 – 1929 жылдары орын алған ет дайындау науқаны көрсетті. 1928 жылдың 27 тамызында жарияланған Қазақстан үкіметінің декреті бойынша 400 бас малы барлар көшпелі, 300 бас малы барлар жартылай көшпелі және 150 бас малы барлар отырықшы жанұялар «бай шаруашылыққа» жатты. 1929 жылдың наурызына таман бұл декреттің құрбандығына 700 шаруашылық ілінді. Бірақ бұл шаралармен мемлекеттік ет дайындау жоспары орындалмады. 1929 жылдан ет тапсыру жоспары әрбір өткен республикалық кеңестің басты пунктіне айналды. Онымен қатарлас «Отырықшыландыру – бай, феодалды жою!»37 ұраны арқылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы И.Ф. Голощекиннің «жаппай отырықшыландыру» бағдарламасы жүзеге асырылды. Сонымен 1929 жылдан ауыл шаруашылығы экономикасында күрт өзгерістер басталды. Бұл мәселе Ж.Әбілғожин38, М.Тәтімов, Ю.Новиков39, Т.Омарбеков40, т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған. Әсіресе, Ж.Әбілғожин, М.Қозыбаев, М.Тәтімовтың «Казахстанская трагедия»41 мақаласы қоғамдық пікір тудырған еңбектердің бірі болды. Негізінен қоғамда бұл мәселені алғаш көтергендер жазушылар, публицистер, журналистер болғанын мойындау керек42. Әрине, олардың еңбектері қоғамда үлкен пікірталастар туғызып, мамандардың бұл мәселеге көңіл аударуына септігін тигізді. Дегенмен, олардың еңбектерінде халық санын көрсетуде көп алшақтықтар байқалады. Сондықтан демография ғылымы өз әдістері мен методологиясы арқылы ол оқиғаларға объективті баға бере алады43. Бұл бағыттағы алғаш қадам жасаған зерттеушілер қатарында М.Тәтімов, Х.Асылбеков, Ә.Ғалиев, Ж.Әбілғожин, М.Қозыбаев, т.б. болды44.

«Коллективизация с. – х. в республиках Средней Азии и Казахстана: опыт и проблемы» мақалалар жинағында бұрын «жабық» болған мұрағат және статистикалық материалдар негізінде көптеген мәселелер нақты-тарихи саралаулардан өтті.

М.Ж.Хасанаев «К вопросу о судебных преследованиях трудового крестьянства в годы голода 1931 – 1933 гг.» мақаласында 1932 жылдың 7 тамызында «Мемлекеттік мекемелер, ұжымшарлар мен кооперациялардың мүліктерін қорғау әрі қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту» заңы қабылданған алғашқы жылдың өзінде 33 345 адамның сотталғанын, оның ішінде ұжымшардан СКАЧАТЬ

35

Зверяков И.А. От кочевания – к социализму. – Алма-Ата, 1932. – С.123.

36

Наумкин В., Томас Д., Хазанов А., Шапиро К. Животноводство и скотоводство в Казахстане на этапе перехода к рыночным отношениям. – М.: Университет Висконсина в Медисоне и Российский центр стратегических исследований, 1999, т.б.

37

Народное хозяйство Казахстана. 1930 г. № 7 – 8. – С. 15.

38

Абылхожин Ж., Татимов М., Козыбаев М.К. Казахстанская трагедия // Вопросы истории. 1989. № 7. – С. 53 –71; Абылхожин Ж., Татимов М. Коллективизация в Казахстане // Ленинская смена. 1988. 19 октябрь.

39

Новиков Ю. Конец “абсолютного пастбища”// Простор. 1989. № 6. – С. 116 – 136.

40

Қазақстан тарихының 20-ғасырдағы өзекті мәселелері. Алматы, 2003.

41

ВИ. 1989. № 7. – С. 53 – 71.

42

Әбдіров М. Асыра сілтеу болмасын, ашатұяқ қалмасын // Жалын. 1988. № 4. – 88-б.; Ахмедов Г. Сол бір жылдарда //Жұлдыз № 9, 1989; Елубаев С. Нәубет // Қазақ әдебиеті. 1988. 18 март. 6 – 7-б.; Жебесінова Г. 1932 – Іледен Балқашқа дейін // Жұлдыз. 1989. № 12. – 169 – 178-б.; Невадовская Т. Казахстанская трагедия // Ленинская смена. 1988. 17 февраль; Ш.Муртазаның «Сталинге хат» пьесасы; Арай. 1988. № 10. (Қарт жұмысшы С.Ахметовтың естелігі); Назарбаев Н.А.Уроки истории. Взгляд в будущее // Казахстанская правда. 1990. 16 октябрь, т.б.

43

Татимов М. Социальная обусловленность демографических процессов… – С. 120.

44

Воспроизводство населения СССР. М. 1983; Основы теории народонаселения. Под ред. Д.И. Валентея. – М., 1986; Шелестов Д.К. Историческая демография. – М.: «Высшая школа», 1987, гл. 4; Население СССР за 70 лет. – М., 1988; СССР: демографический диагноз. – М.: «Прогресс», 1990; Вересов Д. Историческая демография СССР. (США). 1987; Максудов С. Потери населения СССР. (США). 1989; Татимов М. Социальная обусловленность демографических процессов. – Алма-Ата, 1989. Гл. 3; Коллективизация сельского хозяйства в республиках Срезней Азии и Казахстана: опыт и проблемы. – Алма-Ата, 1990; Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917 – 1980). – Алма-Ата: «Гылым», 1991; Абылхожин Ж. Традиционаая структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920 – 1930). – Алма-Ата, 1991; Система знаний о народонаселении. – М., 1991; Гришаев С.В. Запад: правда и вымыслы о населении СССР. – Красноярск, 1992; Население Советского Союза (1922 – 1991). – М., 1993. Гл. 1 – 2; Как это было. Национальные репрессии в СССР (1919 – 1952). Худ. – док. сборник. В 3-х чч. Т. 1 – 2. – М.: «Инсан», 1993.