Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Бөліп-жарып айтатын несі бар, қазақпыз деп отырған осы алшындар мен Жетісу, Сарыарқаны ес білген ежелгі кезден мекен еткен ұлы және орта жүз тайпалары қазақтығымыздан бұрын да бір кездері шекарасы Алтайдың арғы жағынан Каспий жағалауына дейін созылған, тілі де, ділі де, салт-дәстүрі де бір, атақты Фирдоуси «Шаһнамасында» жырлаған, әйгілі Апрасиаф (Алып тұлға) баһадүр билеген Ұлы Тұран мемлекетін құраушы, о бастан-ақ туысқан, түркі қандас, бір ұлыстың жұрттары болғандығы еш талас тудырмайды. Қазахия, біздіңше, осы Тұран мемлекеті ыдырағаннан кейін құрылған Түрік, Шығыс Түрік, Батыс Түрік, Түркеш қағанаты секілді көп бірлестіктердің бір сынығы.
Қазақтың біртуар, мұзбалақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың атақты «Түркістан» атты өлеңінің мына жалынды жолдары да байырғы қазақтардың Ұлы Тұраннан қалған қарашаңырақ екендігін айғақтайтын жыр тармақтары екендігінде дау жоқ:
Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қарашаңырақ қалған жоқ па?
«Түркістан». Шығармалары. "Жазушы" баспасы. Алматы. 1989 ж., 173 б.
Сонымен жоғарыда келтірілген деректер, оның ішінде Қазахия құрамына кірген көне ру-тайпалар атауының бүгінгі қазақ елі құрамындағы заманауи ру-тайпалар атымен сәйкес келетіндігі, солардың ру-тайпалық таңбалары мен бүгінгі біздердің ру таңбаларымыздың бір-біріне судың егіз тамшысындай ұқсастығы көне Қазақ ұлысы мен бүгінгі Қазақ мемлекетінің туысқандығын танытатын, ежелгі «Қазақия» өзге мемлекет емес, бір кездері өз бабаларымыз құрған ел, біз ұлт атауын содан алып қалғандығымызға айғақтайтын бұлтартпас дәлелдер.
Ендеше, «Қазақия» еліміздің сонау замандардағы бастау бұлағы болса оның тарих аренасынан алғаш көрінген уақытының да біздер үшін аса маңызды дата екендігі өз-өзінен түсінікті. Бұл Қазақстан кеше ғана құрылған мемлекет емес, мыңжылдық тарихы бар көне өркениетті ел екендігін растайтын дерек. Бірақ мұның байыбына барып, ойланып жатқан шенеунік, ғалымдарымызды көрмедік.
Оларға бәрібір сияқты. Тіпті кейбіреулері бұл мәселені шешуге келгенде кежегелері кейін тартып жүр. Тарих ғылымының докторы, профессор Зардыхан Қиянатұлының «Біз тарихтан қазақтың өз орнын іздеп жүрміз» деген «Жас алаш» газетінің 2005 жылғы 112 нөмірінде берген интервьюнде: «Қазақтың тегін сақтардан СКАЧАТЬ