Название: Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0466-3
isbn:
Музыкалық үн-әуенді қабылдау мәселесінде дыбыс ерекшелігін жоққа шығарып, тек қана есеп пен өлшемді алға қоятын пифагор мектебінен мүлде бөлек бағыт ұстанған әл-Фараби, дыбыс толқынын анықтауда айрықша рөл атқаратын есту қабілетін жоғары атап, Аристоксеннің үйлесімдік мектебінің дәстүрін жалғастырады.
Адамның бес сезіміндей есту сезімі де, Фарабидің ойынша, «Табиғи және жасанды» болып келуі ықтимал. Табиғи түйсік адам жанын рақат сезімге бөлеп, жадыратып кетсе, жасанды түйсік көңілде күйініш тудырады. Музыкалық ырғақ-толқында осы екі түйсік қат-қабат кездеседі. Ал музыка теориясы құлақтан кіріп, бойды алар саздың барлық сезім-түйсігін тұтас қарап, түгелдей тексереді. Музыкалық үн-әуен табиғи жолмен де (ән), жасанды түрімен де (инструментальды әуен) жасалуы мүмкін. Немесе, Фараби айтқандай, ол «табиғат туындысы», «өнер туындысы» болып бөлінеді. Сондықтан да зерттеуші ғалымдар үн-әуеннің шыққан тегіне мән бермеуі қажет.
Әлдебір құбылыстың мәнін ұғыну үшін тәжірибеге сүйену қажеттігін әл-Фараби қатты ұстанған. Ол «тәжірибе» мен «эмпиризм» ұғымдарын ажырата талдайды. Фарабише, эмпиризм – сезім түйсіктерінің жалаң жиынтығы ғана болса, тәжірибе сананың белсенділігін қамтиды. Тәжірибеге берген осындай ұғымына байланысты әл-Фараби музыка жайлы жан-жақты түсінікті жасанды түрде туындайтын музыкалық шығармалар көрсете алмақ. Өйткені табиғи үн-әуен сирек кездеседі, ал олар- дан туындайтын тиянақсыз түйсікке қарап тәжірибе жасау қиын дейді. Жасанды жолмен туындайтын гармониялық әуеннің адам зердесінен тыс қалар қалтарысы жоқ, өйткені оған тәжірибе жа- сап барып жетуге болады. Жасанды әуенге әрі толық, әрі терең, әрі жан-жақты тәжірибе жүргізе отырып, адамзаттың табиғи түйсіктерінің сырын ашуға болады.
Теория мен практика бірін-бірі толықтырып барып, музыка ілімін құрайды дейді ғалым. Бұл жерде ұстаздың тілге тиек етіп отырған практикасының ол кезеңде онша дами қоймағанын еске алуымыз қажет. Музыка зерттеушісінің композитор немесе орындаушы болуы шарт емес. Кей-кейде зерттеуші шебер орындаушының күйін тыңдап, сол арқылы өз пікірін білдіруі ләзім.
Әл-Фарабидің музыка теориясы мен практикасын терең зерттегені соншалық, ол жаңадан музыка аспабын жасап шығарды. Оны әркім әртүрлі атайды. Біреулер «кануч» дейді, екіншілері «кипчаги», үшіншілері «уд» деп атайды.
Адам психикасына етер әсеріне байланысты әл-Фараби музыканы үш түрге бөледі: оның біріншісі, жан дүниеңді рақат сезімге шомдырады, екіншісі, құмарлық сезім тудырады, ал үшіншісі, қиялыңды жетелейді. Сондықтан да майдақоңыр сезімге шомдыратын әуенді демалыс сәтінде тыңдасаң, жаның жадырап, жай табады. Ал кеудеңде құштарлық пен құмарлық оятатын музыка шабытты шағыңа сәйкес келсе, сондай бір ыстық жалын лепке толы күй-халге душар етеді. Қиялыңды қозғайтын әуен өлең оқыған кезіңде сөздің сиқыр күшін еселеп, шешендік СКАЧАТЬ