Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32 - Коллектив авторов страница 31

СКАЧАТЬ ғарыштың кішігірім көрінісі. Әділеттік пен сұлулық әр адамның қоғамдық өмірі мен тұрмысының мәні мен мағынасын түзейді дейді ғалым. Айналасын қоршаған, өзі өмір сүрген қоғам ізгі қаланың әсем үлгісінен әлдеқайда алыс екенін, ол ортада ұят пен ұжданның, адамдық қасиеттің аяққа басылатынын, ол ортада ғылым мен өнердің өркен жаюына ешқандай мүмкіндік жасалмайтынын көре қоймайтындай әл-Фараби шектен шыққан қиялшыл емес еді. Сондықтан да ол адамзаттың мінез-құлқына әсер ететін табиғи ықпалдармен еріксіз санасуға мәжбүр болды. Атақ, абыройға, құштарлық пен еркіндікті аңсау – ізгілікке жеткізер құрал болар деген сенімге қол созды. Ал, екіншіден (әл-Фараби бұған ерекше зор мән берген), тірліктің бәрін шынайылық деп атауға болмайды. Егер өмір сүріп отырған қандай бір қоғам қайырымдылық пен сұлулықты қолдаудан қашқақтаса, мұндай қоғам адамзаттың әлемдегі алатын орнын айғақтайтын мәні мен қоғамның мағынасына сай келмейді деп айыпталуы ләзім дегенді ұсынады.

      Әлбетте, ізгілік пен сұлулық адамзат тарапынан болатын зор белсенділікті, ақиқат ізденістері мен іс жүзіндегі әрекеттерге толы танымдық талпыныстарды қатты талап етеді.

      Ғалымның «Бақыт жолын бағыттау» дейтін трактатында былай делінген: «Тек қана әсемдікке жетуді мақсұт тұтқан өнер философия деп аталады немесе оның абсолют мәні – данышпандық».

      Әл-Фарабидің сана алдындағы соншама бас июін, оптимистік танымға соншама бай екенін, оның адамзат басындағы қайғы мен қасіреттің түп тамыры шынайы бақытты түсінбеуден, соған деген меңіреуліктен туындайды деп тануы айқын айғақ болса керек. Бұны, ең алдымен әлемнің жаратылуы мен адамзаттың алатын орнын қоса қарамай ұғынуға және болмайды.

      Шынайы данышпандық пендешілікпен, зұлымдықпен сыйыспайды. Бұл жерде әл-Фараби сана деген сөздің мағынасын халық жадында қалыптасқан мәнімен түсіндіреді. Өйткені халық зұлымдық үшін әрекет еткен тапқырлықты «ақылдылық» демей, «айлакерлік, зымияндық» деп әшкерелесе, ізгілік үшін қызмет ететін ақылды сана деп атайды. Сананың жетістігіне бастайтын ғылым жолы сонымен бірге бақыт жолына да бағыт сілтейді.

      Әсемдікке деген әл-Фарабидің көзқарасы өзінің «Поэзия өнерінің қағидасы туралы» трактатынан айқын көрінеді. Поэтикалық творчество ғалымның дәйекті ойлау қабілетімен парапар деген тұжырымға сүйенген ол, Аристотельдей емес, поэтиканы логикалық ғылымның құрамына енгізеді. Сонымен бірге ол адам әрекетіне әсер етуде көркем шығарманың теориялық білімнен әлдеқайда құдіретті екенін айта кетеді. Араб поэзиясының ерекшеліктеріне арнайы талдау жасап, бәйіттердің түрі мен ұйқастың мөлшеріне, дауысты, дауыссыз дыбыстардың араласып келуіне тоқталып, терең де тиянақты әдеби пікірлер жасайды. Тағы бір ерекшелігі, мазмұнды негізге алады да, түрді қосымша рөлде ұстайды.

      Әл-Фараби музыканы поэзиямен туыстас деп санайды. Музыка адам даусына еліктеуден шыққан. Музыка өнері әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты шығармасында жан-жақты, толық зерттелген. Бұндай үлкен де құнды еңбекпен қатар тұрарлық СКАЧАТЬ