Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
Каталаун даласындағы соғыстан төрт жыл өткеннен кейін Римді тағы да варварлар басып алды. Олар – германның вандал тайпалары еді. Вандалдар алдымен Германиядан Испанияға бұзып өтті. Бұдан кейін оларды Римнің бір аймақ басқарушысы Солтүстік Африкаға жалдамалылар ретінде шақырды. Бірақ көп ұзамай германдықтар Римнің бұрынғы провинциясындағы билікті тартып алып, өздерінің корольдігін құрды. 455 жылы Гейзерих король басқарған вандалдардың флоты Италияның жағалауына келіп, Тибрмен жоғары көтерілді де, күтпеген жерден қала қамалының қасынан шықты. Рим қорғанысқа мүлдем дайын емес еді. Қалаға аяушылық сұрап папа І Лев аттанды. Ғұндардың көсемі Аттиланың мәртебесі жеткен зиялылыққа вандал көсемі Гейзерихтің мәртебесі жетпеді. «Мәңгілік қаланы» 14 күн тонады. Сол екі аптадан ел есінде мәдени мұраларды мәңгүрттікпен қиратуды білдіретін «вандализм» деген сөз қалды.
Ғұндардың жылқыға деген көзқарасы ерекше болды. Ғұндардың қоғамдық жағдайы жылқыға негізделген көшпелі өркениет (Reiternomadische Kultur) ретінде сипатталады. Ғұндар тек жаулаушылар емес, шығыс мәдениетінің элементтерін батысқа әкелушілер де болды. Мысалы, ғұн қару-жарақтарының үлгілері – бір жүзді қылыштар мен қанжарлар, үшкір басты жебелер, атақты ат әбзелі. Бұларды ғұндарға дейін Еуропа білмеген болатын. Ғұн қару-жарағында ерекше орын алған садақ пен жебені жетілдіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Өте қатты әрі созылмалы ағаштан жасалған ерекше формадағы садақтар алыс қашықтықтағы нысанаға дейін жететін. Ат үстінде шауып бара жатып, ғұндар тік бағытта да, бұрылып та бір минутта бірнеше жебе ата алатын. Бұл қару кейінірек түркі халықтарының атты әскеріне де тән болды, мысалы, ХVІІ ғасырда Осман империясында қолданылды.
Басқа да мысалдарды келтіруге болады. Мысалы, Византия императоры Юстинианның қолбасшысы Велисарий дәл осы ғұндар мен аварлардың ықпалымен өз әскерінің басты бөлігін садақ, жебе, қылыш және қалқанмен жарақтандырды. Осының арқасында ол Италиядағы готтарды жеңді.
Ғұндардың зергерлік өнерінің тамаша туындылары бар. Бұл алтын мен күмістен жасалған диадемалар, алқалар, сырғалар, фибулалар (сәнді түйреуіштер). Бұлар үлгісі бойынша қазақтардың зергерлік шеберлігімен үндес болып келеді. Ғұндардың қола қазандығы ғылымда ерекше қызығушылық тудырып отыр. Олар Еуропа мен Еуразиядан, соның ішінде Қазақстаннан да табылды. Бұл ескерткіштердің сақ дәуірінің ескерткіштерімен ұқсас екендігін айтуымыз керек.
Империя өмірінің соңғы жылдарында сарай төңкерісі бірінен соң бірі болып жатты. 475 жылы император болып жасөспірім Ромул Август жарияланды. 476 жылы варвар әскербасыларының бірі Одоакр әртүрлі герман тайпаларынан құралған әскерді бастап бүлік шығарды. Ол Ромул Августулдың әкесін өлтірді. Ал императорды тақтан түсіріп, Неапольдің жанындағы иелігіне жер аударды. Сонымен, СКАЧАТЬ