Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
Германдар өздерінің аң-құсқа бай ормандарында аң аулауды жақсы көрді. Егіншілікті де жаман меңгерген жоқ: арпа, бидай, тары, зығыр өсірді. Алайда германдықтардың басты байлығы мал, оның ішінде әсіресе ірі қара болды. Олар «ұзын үйлерде» тұрды, себебі басты байлығы мал болғандықтан, малына арналған қора-қопсысы да жалғасып жатты. Әрбір «ұзын үйде» үлкен жанұя тұрды. Бір-бірімен жақын туысатын бірнеше жанұядан ру құралды. Бірнеше ру тайпаға бірікті. Кейде бірнеше тайпалар, әсіресе ортақ жаумен соғысар алдында үлкен одақ құрды. Тайпадағы барлық ересек еркектер бір-бірімен тең құқылы, басы азат адам деп есептелді. Германдар құлды аз иеленді, құлдардың жағдайы римдіктерге қарағанда көп жеңіл, жартылай азат еді. Германдардың ішінде мүлік жіктелісі алғашқы кезде болған жоқ. Маңызды мәселелердің барлығы тайпа жиналысы – тингте шешілді, оған тайпа мүшелері қарумен келіп, ру басылары мен көсемдерінің сөзін тыңдап, оны мақұлдаған немесе қабылдамай тастаған. Тингте қылмыскерлерге жаза белгіленіп, рубасыларды сайлаған.
Германдар барлық пұтқа табынушылар сияқты құдайлар көп дегенге сенді, бірақ шіркеулер салған жоқ. Олар киелі көлдерге, тоғайларға, тастарға, ағаштарға табынды. Германдар өздерінің құдайларына құрбандықтар шалды. Германдардың кейбір құдайларының аттары апта ішіндегі күндердің атауларымен ағылшын және неміс тілдерінде сақталған. Жексенбі мен дүйсенбіні германдар күн мен айға бағыштаған. Сейсенбі – жауынгерлердің жебеушісі жарқыраған аспан құдайы Циудың немесе Тиудың күні. Сәрсенбіні олар құйын-боранның, ашу-ызаның құдайы, о дүниенің иесі кемеңгер Воданға арнаған. Ал бейсенбіде күннің күркірегені мен найзағайдың құдіретті құдайы Донарға табынуы керек. Жұма құнарлықтың құдайы Фрейрдің үлесіне тиіпті. Германдар абыздар мен сәуегейлерді де қатты сыйлаған.
Біздің заманымыздың І-ІІ ғасырларында германдықтардың қоғамдық дамуының деңгейі туралы Цезарь және Тацит шығармаларының негізінде, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер арқылы пайымдауға болады. Тациттің уақытында германдықтардың қоғамдық құрылысы елеулі өзгерістерге ұшырады. Германдықтар отырықшылыққа түбегейлі ауысты, егіншілікпен кеңінен араласа бастады. Негізгі тағам түрлері – сүт, СКАЧАТЬ