Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
§ 3. Батыс Рим империясының құлауы және варварлық мемлекеттердің пайда болуы
Біздің заманымыздың ІV ғасырының аяғында варвар тайпаларының айрықша ірі, жаппай көшуі мен олардың, әдетте «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын Рим империясының территориясына басып кіруі басталды. Герман және басқа да тайпалардың шабуылы, біріншіден, олардың арасында өндірістік күштердің өсуімен байланысты мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуінен, екіншіден, байлықты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп қалуға тырысуынан туындады. Бұл кезде соғыс герман тайпалары үшін әдетке әрі тұрақты кәсіпке айналды. Варварларды Рим империясының ұлан-байтақ жерлерімен бай қалалары қызықтырды. Германдардың шапқыншылығынан қорғану үшін римдіктер империя мен герман тайпаларының арасындағы көпшақырымдық шекараны нығайтты. Шекараға топырақ үйіп, ор қазып, тас қабырғалармен қоршалған әскери лагерьлер орнатқан. Шекара бойындағы мұндай бекіністерін римдіктер «лимес» деп атаған. Алайда лимес адам өтпес қамалға айналған жоқ. Жылдар өткен сайын германдар мен римдіктердің қарым-қатынасы күшейе түсті. Лимеске жақын қоныстанған жекеленген герман тайпалары римдіктердің бірсыпыра әдет-ғұрыптарын ұстанатын болды. Римдіктер кейбір герман тайпаларын әскери қызметке шақырды. Германия үшін римдіктер, Рим мен оның провинциялары, германдықтарға белгісіз және құпия ел болып қалған жоқ.
Лимес ғасырларға кететін қорған құсап көрінген. Бірақ ІV ғасырдың соңы мен V ғасырдың басында империя мен варварлар күшінің арасалмағы тез өзгере бастады да, шекара жойылып, лимес құлады.
ІV-VІІ ғасырлар аралығын «Халықтардың ұлы қоныс аудару» уақыты деп атайды. Осы уақыт аралығында герман тайпалары жүздеген жылдар бойы жайлаған өлкелерін тастап, жаңа жерлер жаулап алуға аттанды. Еуропаның картасы танымастай өзгерді. Шапқыншылықтың толқыны Батыс Рим империясын жойып жіберіп, орнына германдардың корольдіктері пайда болды. Ұлы Рим империясы құлап, Еуропа орта ғасырларға аяқ басты. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» бірден-бір себепші ғұндар мен готтардың қысымы болды. Ғұндар белгісіз себептермен Қытаймен шекаралас Азия даласын тастап, мыңдаған шақырым жолмен Батысқа қарай жылжыды. 375 жылы ғұндар сол кезде Рим империясынан тыс Қара теңіздің солтүстік жағалауында тұратын германның гот тайпасына шүйлікті. Готтар тамаша жауынгер болғанымен, ғұндар ордасы олардың тез-ақ ұйқы-тұйқысын шығарды. Готтардың бір бөлігі остготтар ғұндарға тізе бүкті. Ал екінші бөлігі вестготтар Римнің шекарасына қарай шегінді. Ондағы мақсаттары Рим қандай шарт қойса да СКАЧАТЬ