Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 12

СКАЧАТЬ мемлекетін Римнің қауіпті бақталасы ретінде сипаттаған. Приск Батыс және Шығыс Рим империяларының ғұн патшасымен бейбіт байланыстар орнатуға ұмтылыс жасағанын баяндайды.

      Паннониядағы Аттила сарайында Приск, ғұндарды Батысқа жасалатын жорықтан бас тартқызуды көздеген Батыс императоры ІІІ Валентиниан елшілерін кездестірді. Әсіресе Византия Аттиламен бейбітшілік қатынаста болуға барынша күш салды. Шығыс ромейліктер, – деп жазады Приск, – «оның кез келген талабына бағынып, оның тарапынан болатын шараларға билеушінің бұйрығы ретінде қарады». Ғұн мемлекетімен тіл табысуға ұмтылған тек Батыс пен Шығыс империясы ғана емес, V ғасырдың 40-50 жылдары Аттиланың ұлы билеуші ретіндегі даңқының кең тарағаны соншалық, өзге халықтардың көсемдері мен патшалары да одан көмек сұрап отырды. Аттила сарайында бірқатар батыс және шығыс мемлекеттері мен халықтарының елшілері болды.

      Сол дәуірдің замандасы хронист Проспер Тиро (Аквитанияда туған, біраз уақыт Рим папасы І Левтің хатшысы қызметін атқарған) Аттиланың Батысқа жорығын осы кездің негізгі оқиғасы ретінде көрсетіп, «Epitoma de Chronicon» атты жылнамасында: «Аттила Рейннен өтісімен көптеген галл қалаларын қорқыныш биледі. Римдіктер мен гот әскерлерін біріктіріп, жауды қарсы алуға бел буды…», – деп суреттейді.

      Осы кезеңнің маңызды куәгерлеріне хроникалармен қатар Рим папаларының хаттары жатады. Бұл латын тіліндегі ерекше деректер сол уақыттағы Еуразия мен Еуропадағы халықаралық қатынастардың күрделі түйіндерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Мысалы, 451 жылы Папа І Лев Шығыс Рим империясының императоры Маркианға христиандық Батыс және Шығыс Рим императорларының өзара келісімі сыртқы жауларға қарсы тұруға қажет екенін анық білдіреді. Император Валентииан да өз жерінің федераттары мен бағыныштыларына, соның ішінде Галлия мен Испанияға елшілерін жіберіп, ғұндарға қарсы бірлесе соғысуды талап етті.

      Ғұндармен күрес Рим империясы мен Вестгот патшалығын біріктірді, олар басқа кельт және герман тайпа одақтарын өз мақсаттарына жұмылдыра алды. Біріккен Батыс әскерін Патриций Флавий Аэций басқарды.

      «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болған ғұндар қозғалысы еді. Ғұндардың Шығыс Азиядан кенеттен басып кіріп, Еуропадағы күштердің арасалмағын түбегейлі өзгертуі, әрине, Рим империясының пайдасына шешілген жоқ. Ғұндар көшпелі мал өсірушілер болды. Рулық-тайпалық құрылыс жағдайында өмір сүрді. Жер бүкіл тайпа иелігінде болды. Ғұндар бір мәселені шешу үшін көпшілік кеңесіне жиналып отырған, соғыс жағдайында әскери көсемдерді сайлаған. Аммиан Марцеллин ғұндардың жауынгерлік қасиетін: «Өздеріне қауіп төнсе соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеңберлей құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады. Жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, майдан шебін бұзбаған күйі жауларын оп-оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін қалай алғанын бақылау мүмкін емес, олар қас-қағым сәтте-ақ дүниенің астан-кестеңін шығарады», – деп СКАЧАТЬ