Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
Заң екі бөлімнен тұрады. 486-596 жылдары жазылған негізгі бөлім және Ұлы Карл тұсындағы «Қосымшалар». «Салика заңының» ерте германдық деректерден және Рим заңгерлері құрастырған заңдардан ерекшелігі бар. Заңда қылмыскер мен ұрыға қандай жаза қолданылатындығы ашып айтылмаған. Кісі өлтіргені үшін вергельд төлеуі қажет, бірақ олардың құны әртүрлі. Мысалы, ерікті франкке қарағанда галло римдікке аз мөлшерде айып төленген. Құлдар мен тәуелді адамдардың қылмыстары бөлек қаралады. «Салика заңы», сонымен бірге өз заманының тұрмыс-тіршілігінен де мәлімет береді. Мысалы, «Салика заңы» бойынша франктердің шаруашылығы германдықтарға қарағанда анағұрлым жоғары болғандығын байқауға болады. «Салика заңы» салий франктеріне арнап шығарылған. Салий франктерінің өзі кейін Батыс аралды және Токсандрияны мекендеген (бұрын Иссельд өзенінің жағасын мекен еткен) Хавка тайпаларынан шыққан.
VІІ ғасырда франктердің ең негізгі кәсібі егіншілік болды. Жерді қос танаптылықпен алмастыру басым болды. Егіндік және шабындық үлестер мұрагерлік жеке пайдалануларда болды. Жанұяның кіші жанұяға бөлініп кетуін «Салика заңы», «Аллодтар туралы» LІХ тарауының мазмұны толық дәлелдейді. Бұл тарауға сәйкес жер мұралану салты бойынша емін-еркін атадан балаға көшіріліп отыруға немесе сыйлыққа тартылуға тиіс болды (тек еркек жынысына ғана). Патша Хильпериктің (561-584) өзгертуі бойынша, туған қызы, апа-сіңлісі де иелене алды. Ерікті франктің жер үлесі «аллод» деп аталды. Хлодвигтің тұсындағы негізгі әскер жаяу әскер болды. Хлодвиг әскері туралы мәліметті Г. Турскийден алуға болады.
Хлодвиг 511 жылы 27 қарашада қайтыс болады. Оны өтініші бойынша «Қасиетті Женевева» моласының жанына жерледі. Хлодвиг өлгеннен кейін Тьерни, Хлодомир, Хильдебер және Клотар атты балалары патшалық мұраны өзара бөлісіп алды. Меровингтік франк патшалығында меншіктік иелікті үлеске бөлуге болатындығын және мұраға беретіндігі көрінді. Нәтижесінде Хлодвиг ұрпақтары тұсында патшалық бөліне бастады, ал мұрагерлер арасында күрес өршіді.
VІІІ ғасырдың басында Меровингтердің ішкі қырқыстан әлсіреген мемлекетіне жаңа қауіп төнді: бүкіл солтүстік Африкадан Гибралтарға дейін жүріп өтіп, Пиреней жарты аралын жаулап алған араб мұсылмандары Галлия қарамағына келіп тұрақты түрде қоныстанды. Мемлекетке төнген қауіпті қайтару үшін үлкен күш және терең қоғамдық, саяси тәртіпті қайта құру қажет болды.
Франк мемлекеті VІІ ғасырда құлдырауды басынан өткерді, ел бірнеше бөліктерге бөлініп кетті, олар – Нейстрия, Австразия, Бургундия және Аквитания. Меровиг әулетінің жерді таратуы корольден тәуелсіз ірі меншік иелерінің пайда болуына алып келді. Хлодвиг тұсындағы «март алаңы» оның өлімінен кейін (511) тарап кетті. Бұл дәстүр тек Австразияда ғана тоқтатылған жоқ. Жыл сайын март айында бүкіл франк халқы король алдында қаруларын тексеру үшін жиналуға міндетті болды. Бұл көктемдік жиын «март алаңы» СКАЧАТЬ