Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
ІХ ғасырдың аяғында Прованс пен оған қарасты аймақтардан екі Бургунд корольдігі – 879 жылы Төменгі Бургундия (Сона мен Рона бойымен Жерорта теңізіне дейінгі жерді иемденген) және 888 жылы жоғарғы Бургундия (Сона мен Рона беткейінен Альпіге дейінгі жер) құрылды. Бұлар Х ғасырда (933) бірыңғай Бургундия корольдігіне бірікті. ХІ ғасырда (1033) Бургундия корольдігі Германия империясының құрамына кірді. Бұлардан басқа Франция территориясында (Луара мен Сона аралығында) ІХ ғасырда Франция корольдігінің құрамында Бургундия герцогтігі пайда болды.
Верден бітімі бойынша Ұлы Карлдың немересі Лотарь, ал Лотарь өлгеннен кейін оның баласы ІІ Людовиг король болған Италия біртұтас мемлекет болған жоқ. Х-ХІ ғасырларда әртүрлі феодалдық күштердің шиеленіскен ішкі күресі мен жиі-жиі жасалып тұрған сыртқы шабуылы жағдайында біраз феодалдық мемлекеттердің күрделі қалыптасу процесі жүрді. Сол кезде Италияда пайда болған мемлекеттердің сипаты мен тарихи тағдыры да әртүрлі қалыптасты.
ІХ-ХІ ғасырларда Еуропаның басқа бөліктерінде жаңа мемлекеттер құрылып, этникалық жаңа топтар мен халықтардың қалыптасу процесі жүрді. Еуропаның оңтүстік батысында, Пиреней түбегінің солтүстік таулы аудандарында VІІІ ғасырдан бастап Вестгот Испаниясын арабтар жаулап алғаннан кейін, 718 жылы корольдік болған Астурия өз тәуелсіздігін сақтап қалды, ал ІХ ғасырда Ұлы Карл негізін қалаған Пиреней сыртындағы Испан маркасынан бөлініп шыққан Наварра корольдігі құрылды.
Испан жерінің қалған үлкен бөлігінде VІІІ ғасырда пайда болып, Х ғасырда Кордова халифатына айналған араб мемлекеті – Кордова эмираты өмір сүрді. ХІ ғасырдың бірінші жартысында ол бірнеше жеке эмираттар мен князьдіктерге бөлінді. Британиядағы англосаксондық корольдіктер ІХ ғасырда бір корольдікке – Англияға бірікті. Британияның солтүстігінде тәуелсіз Шотландия корольдігі, ал батыста Уэльстің Кельт князьдігі өмір сүрді. Ирландияда қоныстанған тәуелсіз кельт тайпалары арасында кландардың бірігу және жоғарғы король өкіметінің құрылу процесі жүріп жатты.
Еуропаның солтүстігінде ІХ-ХІ ғасырларда Скандинавия елдері – Дания, Норвегия, Швеция феодалдық даму жолына түсті. Бұл елдерде алғашқы феодалдық мемлекеттердің қалыптасу процесі Батыс Еуропаның басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда кейін басталды. VІІІ ғасырда дат корольдігі құрылды, ІХ ғасырда Норвегия корольдігі, ал ХІ ғасырда Швеция корол СКАЧАТЬ