Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
§ 1. Франктердің Галлияны жаулап алуы. Меровингтер патшалығы
Галлиядағы Рим билігі V ғасырдың соңына дейін созылды. 486 жылы Солтүстік Галлияға франктер келді. Ішкі жағдайы құлдыраған Рим варварлардың шабуылына қарсы тұра алмады. Галлия герман тайпаларының қол астындағы Римнің батыс форпосттарының бірі еді. Галлияның шекарасына ІІІ ғасырдың ортасында франктердің одақтары ене бастады. Франктер Шельд өзеніне шабуыл жасады. Оңтүстік франктердің көршілері алемандар болды, олар осы уақытта Эльзас территориясына орналасып жатқан. ІІІ ғасырдың соңында оңтүстік франктерді римдіктер уақытша келісіммен тұрақтандырған еді. Рим территориясында франктер мен алемандар қайта-қайта көтеріліс жасап, тыныш отырмады. ІV ғасырдың ортасында франк және алеман тайпалары көтерілісті қайта бастады. Олардың шабуылына қарсы тұра алмаған Рим императоры Юлиан мен Феодосий франктерге ерік берді. Рим мен франктер арасындағы келісім бойынша франктер Шельд пен Маас өзендерінің орталық ағысынан Орталық Рейнге дейінгі аралықты басқа варвар тайпаларынан қорғап отыруы қажет болды. 406 жылы свев, вандал, сармат тайпалары мұз үстімен Рейнге өтті. Франктер мен қарсыластарының ішінде Галлия территориясы үшін соғыс басталды.
476 жылы Рим империясы құлады. Франктердің басында, Франк патшалығының негізін қалаған Меровей руынан шыққан Хлодвиг тұрды. Хлодвиг әкесі Хильдерик өлгеннен кейін орнына келген мұрагер еді. (Хильд-Рик ескі франктерше «қуатты соғысушы» деген мағынаны білдірсе, Хлод-Виг «соғыста даңқы шыққан» дегенді білдіреді).
Батыс Рим империясының орнына пайда болған Франк мемлекеті ерте ортағасырлық Еуропа территориясындағы ірі мемлекеттердің бірі болды. Өз дамуының шарықтау шегінде оның құрамына қазіргі Францияның, Белгияның, Люксембургтің барлық территориясы және Нидерланды, ГФР, Италия, Испания территорияларының аймақтары кірді. Франк мемлекетінің 400 жылдық тарихы қазіргі Батыс Еуропа елдерінің тарихының алғышарты іспеттес. 486 жылы Суассон түбіндегі ұрыста Галлиядағы ақырғы Рим наместнигі Сиагрий франктерден жеңілді. Франктердің басында Меровингтер руының ақсүйегі 19 жасар Хлодвиг тұрды.
Франк көсемдерін ығыстыра отырып, Хлодвиг галл мемлекетінде тәртіп орнатуды көздеді. Франктер Рим территорясында империя құлағанға дейін пайда болды және императорға қызметке тұрып, олардың ішкі ісіне араласа бастады. Меровей руының ұрпағы басқарғандықтан, франктер әулеті V ғасырдың бірінші жартысы мен VІІІ ғасырдың аралығын «Меровингтер патшалығы» деп атады. Бұл әулеттің патшалары салт-дәстүр бойынша ұзын шаш өсірді. Ол наным-сенімге байланысты болды. Хлодвиг – франк патшаларының арасында бірінші болып шоқынған адам. Григорий Турский франк патшаларының қулығын, қатігездігін суреттейді. Салий франктерінің тайпалары батыс герман тайпаларының үлкен тобына жатады. ІV ғасырдан бастап Рейннің төменгі ағысына Рим федераттары құқығында орналасты. V ғасырда Сомм өзеніне дейін өздеріне тиесілі территорияның аймағын кеңейтті. Әскери жорықтардың нәтижесінде салий франктерінің билігі нығайып, СКАЧАТЬ