Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
§ 2. Ежелгі германдықтардағы рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы
Варварларда сақталып келген алғашқы қауымдық теңдік мәңгі жалғаса беруі мүмкін емес еді. Варвар қоғамында ақсүйектер пайда болды. Рубасыларынан гөрі ерліктерімен және жолы болғыштығымен даңқы шыққан әскери көсемдердің ықпалы тайпа ішінде жоғары болды. Жорық сәтті аяқталса, көсем қолға түскен байлықтан үлесті көп алды. Жолы болғыш көсемнің төңірегіне қызу қанды, ерлікті аңсаған жастар көп жиналды. Қалыптасқан дәстүрден тыс көсем өз үлесінен оларға мол сыйлықтар беріп отырды. Оның қарымы ретінде жауынгерлер көсемге шын беріліп, қиын сәттерде ол үшін өмірін қиюға дайын болатын. Көсемге шын берілген жасақ осылай пайда болды. Жасақшылар шаруашылықпен айналысқаннан гөрі соғыста баюды, шайқаста ерлікпен өлуді қалады.
Альпінің солтүстігінде үш ірі тайпа – кельттер, германдар, славяндар өмір сүріп жатты. Бұл тайпалардың тілі үнді-еуропалық тіл тобына жатты. Кельттер Еуропаға германдықтардан да бұрын келді. Олар бүкіл Еуропаны Атлантикадан Балқан түбегіне дейін жайлаған. Кельттердің ұрпақтарын қазір Ирландиядан, Шотландиядан, Уэльстен және Францияның ең батысындағы Бретаннан кездестіруге болады.
Римдіктер кельттердің галл тайпасын өзгелерден бұрын білді. Өйткені галлдар бүкіл Римді жаулап алған болатын. Бұдан көп уақыт өткеннен кейін римдіктер Солтүстік Италия мен қазіргі Франция жатқан галлдардың жерін жаулап алды. Галлдар римдіктердің тілі мен әдет-ғұрыптарын тез қабылдады да, кейіннен оларды бір-бірінен айыру қиындап кетті.
Галлияның батысында Рейннің арғы бетінде біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын солтүстіктен келген саны көп герман тайпалары орналасқан болатын. Олардың ежелгі Отаны Балтық теңізінің солтүстік және оңтүстік жағалауы, Балтық аралы мен Скандинав және Ютланд түбектері еді. Шамамен бұдан үш мың жыл бұрын ол жақта ауа райының қатты өзгеруінен күн бұрынғыдан да суытып, толассыз жауын мен су тасқыны жиілеген болуы керек. Сондықтан да германдар жылы жаққа, оңтүстікке қарай біртіндеп жылжи берген. Біздің дәуіріміздің басында германдар Рейн, Одер, СКАЧАТЬ