Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 6

СКАЧАТЬ Францияда, Испанияда «Король шежірелерінің» жинағы пайда болды. Мысалы, «Француздардың үлкен шежіресі», онда қоғам өмірі туралы елдің тарихы жасалды, сол кездегі орталық өкіметтің көзқарасына сәйкес дәйекті түрде және прогрестік тұрғыдан баяндалды. Бұл шежірелер орталықтандырылған мемлекеттердің бастапқы кезеңдерін сипаттайтын. ХІV – ХV ғасырларда ұлттық көлемдегі тарихи шығармалар туды. Шығармалар латын тілінде емес, ұлттық тілде жазылды. ХІV-ХV ғасырларда көптеген авторлар соғыс мәселесіне ерекше назар аударды.

      § 3. Кейінгі ортағасырлық деректер

      Кейінгі орта ғасырлар ХV ғасырдан ХVІІ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде Еуропада феодализм негізінде капиталистік қатынастар қалыптасып келе жатты. Капиталистік қатынастардың алғашқы белгілері ХІV-ХV ғасырларда Италия мен Нидерландының ірі сауда өнеркәсіптік қалаларында орын алды. Бұл процесстер Еуропаның барлық қалаларында бірдей деңгейде жүрген жоқ. Кейінгі ортағасырлық деректерде ұлттық тілде жазылған деректер басым сипатта болды. Қала тарихы, саяси билік түрлері баяндалған деректер – «Венеция тарихы», «Флоренция тарихы», «Италия тарихы» жазылды.

      ХV ғасырда Испания мен Португалия туралы деректер олардың отары болған Америкада жақсы сақталған. Географиялық ашылулар жөніндегі деректер, билік формаларының сипаты кең көрініс алып отырған. Тарихи шығармалардың ішінде ХVІ ғасырда жазылған Себастиан Франктің еңбегін айтуға болады. Мұнда неміс тарихнамасы және қоғамдық ойлар көрініс тапқан.

      Өндіргіш күштердің өсуі, қалалардың дамуы, орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы, мәдениет пен тарихтың дамуындағы жаңа сатының қалыптасуы кейінгі орта ғасырлар тарихы деректерінің сипатына да әсер етті. Деректердің саны көбейді, жаңа түрлері пайда болды, құрылымы күрделенді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауар-ақша қатынастарының дамуы келісімдер мен іс-шаралардың заңдық жағынан терең талдануын қажет етті. Басқару аппаратының жетілуі, қызметінің кеңеюі іс-қағаздарға да өз әсерін тигізді.

      Актілік құжаттар жалпы және жеке деп бөлінді. Жалпы актілерге императорлардың, корольдердің, жеке құқығы бар феодалдардың, сонымен бірге шіркеу басшылары – Рим папалары, патриархтар мен епископтардың грамоталары, дипломдары жатады. Мысалы, Византияда алтын мөрі бар грамота «хрисовул» деп аталса, Папа канцеляриясындағы қорғасын мөрлер «булла» деп аталды. Арнайы заңдық білімі бар, ерекше статусты иеленген адамдар қалыптастырған құжаттар жеке актілерге жатты. Нотариустар құжатты арнайы үлгі бойынша дайындады. Нотариалдық актілер бізге көшірме түрінде және картикулярлардың құрамындағы қысқаша жазбалар ретінде жетті. Еуропа қалаларының ішінде Италияда актілер жинағы мол. Жерорта жағалауының елдерінде нотариат институты ХІІ-ХV ғасырларда кең дамыды. ХІV ғасырдың соңында нотариалдық актілерді жеке жазбалар ығыстырып шығара бастады, олардың заңдық СКАЧАТЬ