Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 8

СКАЧАТЬ бас сауғалап барған жері болды. Жаугершілік заманда қазақ ру-тайпаларының бір бөлігі Қызылқұмға Сыр бойынан қоныс аударды. Қызылқұм қазақтарының ру-тайпалық құрамы Сыр қазақтарының ру-тайпалық құрамына сәйкес келетіндігі де сондықтан болар. В.Пельцтің еңбегінде Қызылқұмдағы алтын, алаша, жаппас, табын, арғын, шекті, қыпшақ, тарақты, қаңлы, ошақты, керейт руларының қоныстары берілген [303, 39-63].

      Қазақ қауымының басына төнген түрлі қауіп-қатер, шапқыншылықтар нәтижесінде, яғни жоңғарлардың қазақ жерлерін басып алуы Қоқан, Хиуа хандықтарының Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстандағы билігі, орыс әскерлерінің келуі себепті жүздердің территориялық бірлестігі ыдырап, рулардың өзара араласуы басталды. Қоқан, Хиуа хандықтарының тарихына қатысты мұрағаттық құжаттарда табын, телеу, рамадан сияқты Сыр өңірі тайпаларының аттары кездесуі осының дәлелі [144].

      П.И.Пашиноның «Туркестанский край в 1866 году» атты жолжазбасының «Форт № 2» бөлімінде [302, 33-44] Қармақшы қазақтарының балықшылық кәсібі, ауыл көші, қамыс буу, сексеуіл шабу, азық-түлік дайындау, «Форт Перовский» бөлімінде [302, 45-52] бау-бақша өндірісі, сауда ісінің дамуы, бүркітпен аң аулау дәстүрі, «Укрепление Джулек» атты бөлімінде [302, 53-62] Бұхар әмірінің Жөлекке сапары, ислам дінінің таралуы, бақсы емі, қазақтардың көктас қоюы қамтылған.

      И.В.Аничковтың Сыр өңіріне қатысты «Забытый край» атты еңбегінде Қазалы уезінің қалыптасу кезеңдері, тарихи географиясы, этношаруашылығы қамтылған [23, 173-294]. Автордың «Очерки народной жизни Северного Туркестана» атты еңбегі көшпелілер мен отырықшылардың мал шаруашылығын ұйымдастыру ерекшеліктері, жұт сияқты қауіп-қатерлердің себеп-салдарларына тоқталған, еңбектің жазылу барысына Қазалы уезі қазақтары негіз болған [24].

      Сыр өңірі қазақтарының тарихи-этнографиясы қай уақытта да зерттеушілердің назарын өзіне аударып келген. Сыр өңірі қазақтарының этнографиясын зерттеуге ден қойған әскери шенеуніктер авторлардың қатарында Е.А.Александров пен Г.С.Загряжскийді атауға болады. Көкшетау өңіріне қоныс аударған Сібір казагының отбасынан шыққан Қазалы уезінің басқарма бастығының көмекшісі болған Е.А.Александров қазақ тілін жетік меңгергендігі нәтижесінде жергілікті тұрғындармен етене араласқан. Ал, Ресейдің Смоленск губерниясынан келіп, 1867 жылдан бері қазақ жерінде әскери қызметте болып, Ыстықкөл, одан соң Тоқмақ уезінің, 1870 жылдан Перовск уездерін басқарған полковник Георгий Семенович Загряжский қай өңірде қызмет етпесін, сол өңірдің жергілікті тұрғындарының ерекшелігін жазып отыруға ден қойған. Г.С.Загряжскийдің Орта Азия ғалымдар қоғамына, Жаратылыстану әуесқойларының Түркістан бөліміне, Москва университеті жанындағы антропология және этнография қоғамына мүше болуы оның зерттеушілік қабілетін арттыра түсті, әрі осы қоғамдардың жиылыстарында Сыр өңірі қазақтарының этнографиясынан хабарламалар жасап отырған. Бұл екі автор да Сыр өңірінің қазақтарына қатысты жазбаларын Сыр бойында әскери қызметте жүріп, қағаз бетіне СКАЧАТЬ