Н.А.Аристов жазған «Заметки об этническом составе и сведения об их численности» атты еңбегінде қазақ ру-тайпаларының санын нақтылау мақсатында Г.Волконский нұсқанысына сүйенгенге ұқсайды. Н.А. Аристов жазбалары да Сыр өңірі тайпаларының санын, орналасуын, ұранын, таңбасын нақтылауға негіз болады [32].
Сыр қазақтарының мерзімдік қоныстарын М.Галкиннің «Этнографическое и исторические материалы по Средней Азии и Оренбургском краю» атты еңбегіндегі кестеден де табуға болады. Онда Орынбор өлкесінің орта және шығыс бөліктеріндегі шекті, төртқара, шөмекей, табын, тама, арғын, кете, қыпшақ, керейт, жаппас руларының қысқы және жазғы көші-қон бағыттары көрсетілген [76].
Орынбор өлкесін мекен еткен тайпалардың тыныс-тіршілігін қамтыған еңбектер арасында әрине экспедиция материалдары маңызды орын алады. 1738-1740 жылдар аралығында Орынбор экспедициясының жетекшісі болған Василий Никитич Татищевтің (1686-1780) экспедициялық материалдары Арал және Сыр өңірінің тарихи географиясы мен осы өлкенің этногеографиясына қатысты құнды мәліметтер береді [341]. Сондай-ақ В.Н.Татищев өзіне дейін жасалған картографиялық мәліметтердің тізбесін жасаған автор.
1768-1774 жылдары Қазақстанның көптеген территориясын қамтыған экспедицияға қатысқан П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.И.Лепехин, И.Г.Георги жазбаларының да маңызы зор. Неміс ғалымы П.С.Паллас (1741-1811) 1768 жылғы қазақ даласында болған сапар нәтижелерін бес томдық «Путешествия по разным провинциям Росийской империи» атты еңбегінде жариялады. Бұл еңбекте Кіші жүз қазақтарының қоныстары да қамтылды. 1768-1769 жылдары жүргізілген «Орынбор экспедициясы» материалдары И.И.Лепехиннің еңбектерінде жазылып, Еділ, Жайық бойын және Орынбор даласын қоныстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігін қамтыған [301].
Сыр өңірін мекендеген ортағасырлық ұлыстар мен олардың байырғы тіршіліктерін танып-білуде қазақ даласын 1245-1247 жылдары жүріп өткен Джиовани Плано Карпини және 1253-1255 жылдары жүріп өткен Виллема (Гильома) де Рубрук жазбаларының маңызы зор, саяхатшылар «командар» деп Дешті қыпшақтың оңтүстігіндегі, яғни Сыр өңіріндегі қыпшақтарды қамтыған [308]. Саяхатшылардың жол картасы Джиовани Плано Карпинидің Сыр өңіріне Арал теңізінің оңтүстігі жағалауы арқылы кіріп Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы арқылы жүріп, Сығанақ қаласы үстінен өткенін, ал Виллема (Гильома) де Рубруктың Сыр өңіріне Арал теңізінің солтүстік-шығысы арқылы кіріп Жент, Жанкент, Сығанақ қалалары өңірі арқылы жүріп өткенін көрсетеді [308, 245-246].
1785-1786 жылдары жүргізілген Орынбор экспедициясының жетекшісі болған швед ғалымы И. Фальктың (1727-1774) Орынбор даласындағы қазақ ауылдары жайында жинаған мәліметтерін осы экспедиция мүшесі болған И.Г.Георги жинақтап шығарған [83]. Швед ғалымы И.Г.Георгидің (1729-1802) Орынбор экспедициясы кезінде жинақтаған тарихи-этнографиялық деректерінің «О киргизцах» атты бөлімінде Кіші жүздің тайпаларына сипаттама берілген, Кіші жүз қазақтарының СКАЧАТЬ