Х ғасырда ислам дінін қабылдаған түркілер араб мәдениетін жергілікті өмірге бейімдеді. ХІІІ ғасырда Шыңғысхан бастаған монғол-татар шапқыншылығынан кейін Сырдың төменгі ағысында гүлденген ежелгі түркілердің көптеген қалалары өмір сүруін тоқтатты, мәдени оазистер көшпелілердің мерзімдік жайылымдарына айналды. Сыр өлкесін қамтыған монғол ордаларының негізгі тұрғындары түркілер болды. Түркі жеріне келген монғолдар ислам дінін қабылдады. Монғол монархиясына енген Түркістан өңірі Батыс Еуропа мен Шығыс Азия арасын жалғап жатқан өңір болды. Сыр өңіріне XIV ғасырда Ақсақ Темірдің ықпалы болды. Сыр өңіріндегі түркілер ХV ғасырда «қазақ» халқының этникалық қалыптасуына қатысты, Қазақ хандығының құрамына енді. 1731 жылы Сыр өңірі Кіші жүз қазақтарымен бірге Ресей патшасының қол астына енді. Қоқан, Хиуа хандықтарының Ресей патшалығымен күресі Сыр өңіріне тікелей әсер етті. 1847 жылы Райым бекінісінің негізі қаланды. 1853 жылы Сыр өңірінде Қоқан хандығының бекінісі Ақмешітті Перовский әскері алып, нәтижесінде Перовск форты, одан кейін № 1 форт (Қазалы), № 2 форт (Қармақшы), Қуаңдария бойындағы Қамысқорғаннан № 3 форт негіздері қалынып, Сырдария линиясы қалыптасты. 1861 жылы Жаңақорған бекінісіне рекогносцировка жасалды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Ақмешіт қаласы Қазақ мемлекетінің астанасы ретінде Қызылорда атауын алды.
Қалыптасу тарихы осындай күрделі, тарих қойнауының бірнеше белестері мен сатысынан өткен өңірдің тарихи этнографиясы да аса күрделі. Яғни Сырдың төменгі ағысы бойы қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын аймақ, атап айтқанда бұл өңір ежелгі арийлердің, сақтардың, қаңлылардың, Тұран ойпаты ежелгі түркілердің мемлекеттерінің отаны, Дешті Қыпшақ конфедерациясы, Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттері, одан кейін Қазақ хандығының құрамында болған қазақ жері. Сыр өңірі қазақтарының тарихи-этнографиясы сол өңірді мекен еткен ежелгі тайпалардың археоэтнографиясының заңды жалғасы. Сыр өңірі қазақтары осы жердегі атақазақтардың тарихи танымдарын қабылдап, көптеген үрдіс-дәстүрлерін қазіргі заман ұрпақтарына сақтап жеткізген, ата дәстүрді жалғастырып отырған ұрпақ болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізіне зерттеу жұмысы бойынша алға қойған міндеттерін дұрыс шешуге бағыт-бағдар беретін ғылыми көзқарастар алынды. Жұмыстың ғылыми аппараты үш бағытта жасақталды, біріншісі тікелей тақырыпқа қатысты, екінші тақырыпқа жанама қатыстылары, үшіншісі салыстырмалы түрде қарастырылды әрі бірқатар авторлардың еңбектері сыни көзқарастан өткізілді. Әр тараудың қорытынды СКАЧАТЬ