Белгілі әскери-шығыстанушы, этнограф, штабс-капитан Николай Николаевич Каразин де Түркістан өңірінің тарихи-этнографиясына ерекше із қалдырған зерттеушінің бірі. 1880 жылдары патшаның Қысқы сарайының Әскери галареясында Орта Азия мотивтері бойынша картиналар сериясының көрмесін жасап, бұл туындылар кейін Орыс музейіне табысталған. 1879 жылы Самара ғылыми экспедициясының құрамында болып, Самарқанд, Ходжент, Ұратөбе, Жизақ, Сыр бойы, Бетпақдаланы аралап, зерттеу нәтижелерін қағаз бетіне түсірумен қатар, қылқаламмен суретін де салып отырды. Соның бірі «Живописная Россия» басылымында жарияланған «Нижнее течение СырДарьи» [163] атты жазбасы және «От Оренбурга до Ташкента. Путевой очерк Н.Н.Каразина» атты еңбегі Сыр өңірі қазақтарының материалдық мәдениетін қамтыған [164].
Түркістан әскери округінде 20 жылдан астам әскери қызметте болып, өз қызметін зерттеушілікпен ұштастырған әскери шенеушіктің бірі генерал-майор Лев Феофанович Костенко. 1880 жылы жарық көрген «Туркестанский край. Опыт военно-статистического обозрения Туркестанского военного округа» атты 3 томдық еңбегі Перовск және Қазалы уездерін, Арал бойын толығымен дерлік қамтыған. Л.Ф.Костенко сондай-ақ өз жазбаларын әр жылдары «Туркестанские ведомости», «Морской сборник», «Военный сборник» басылымдарында жариялап отырды. Солардың қатарында «Аральская флотилия и плавание по реке Сыр-Дарье» [185], «От Хивы до Казалинска» [186], «Аральская флотилия» [184], «Современное состояние Аральской флотилии и очерк ее деятельности» [187], т.б. жазбаларын атауға болады. Л.Ф.Костенконың зерттеуінше Сырдарияның Жанысу, Қуаңдария арналары Аралға құйған, кейін экологиялық себептен арналары кеуіп кеткен. Жанысу мен Қуаңдария арқылы Әмудария Сырдариямен жалғасқандығын дәлелдейтін топографиялық түсірілімдер картаға енгізіліп, 1875 жылы Париждегі Халықаралық географиялық конгресте көрсетілген [187, 198-199].
Белгілі әскери шығыстанушы, географ, этнограф Николай Александрович Маев Орта Азия халықтарының тарихи-этнографиясын зерттеуге ерекше үлес қосқан тұлға. «Туркестанские ведомости» газетінде 1869-1892 жылдары редактор болып қызмет еткен жылдарында бұл СКАЧАТЬ