Бас штабтың генерал-лейтенанты Лев Лаврентьевич Мейердің 1858 жылы Орынбор әскери корпусына қызметке жіберілуі Қазақ даласын зерттеуге деген қызығушылығын арттыра түседі. 1867 жылы Әскери министрліктің Қазақ даласының сипаттамасын жасау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. 1860 жылы мамыр-қазан айларында Жаңадария, Сырдария өзендерінің аңғарын, Арал теңізінің шығыс жақ бетін зерттеу мақсатында осы өңірді аралап, зерттеу нәтижелері ретінде жазылған «Дельта реки СырДарьи и ее отношение к России» [250], «Аральская флотилия в отношении к среднеазиатской торговле» [247], «Обзор западной оконечности Каратауских гор и несколько слов о взятии кокандской крепости Яны-Курган» [249] атты мақалалары «Морской сборник», «Военный сборник» басылымындарында жарияланған. 1861 жазда Жаңақорған бекінісінің рекогносцировкасын жасау Л.Мейердің үлесіне тиген [249, 263]. Топографиялық деректер 1840 жылдарға дейін Қуаңдарияның да Аралға құйғанын дәлелдейді. Л.Мейердің пайымдауынша Қуаңдария арнасының кебуіне Қоқан Хиуа хандарының арасындағы өзара қырқысулары, Қоқандықтардың Хиуа билігі орнаған Сырдың төменгі ағысы өңіріне су жібермес үшін Батпақөткел тұсынан бөгет салғандығы әсер еткен [249, 270]. Л.Мейердің басшылығымен жасалған «Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба» атты еңбекке енген әскерилердің Орынбор өлкесі туралы жазбалары Сыр өңірі қазақтарының этнографиясын саралауға негіз болар маңызды еңбектердің бірі [248]. Аталмыш еңбекте 1860 жылдардағы Сыр бойы қазақтарының дәстүрлі мал шаруашылығының сипаты, егін шаруашылығының дамуы, СКАЧАТЬ