Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан – ХХ ғасырдың 1927-жылдары аралығын қамтиды. Нақтырақ айтқанда зерттеу кезеңі 1847 жылдан басталған Сыр өңірі бекіністері рекогносцировкасы мақсатында жүргізілген зерттеулер деректерінен бастап 1926 жылғы Ф.А.Фиельструп зерттеуімен, 1926 жылғы Бүкілресейлік санақ деректерімен, 1927-жылдарда болған жұттың көрсеткіштерімен, Кеңес үкіметінің жаппай ұжымдастыру саясатының нәтижесінде көшпелі шаруашылықтың тоқтауымен шектеледі.
Монографияның ішкі мазмұнындағы негізгі тұжырымдар ҚРБжҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен басылымдарда, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің ғылыми басылымдарында, Халықаралақ және Республикалық конференциялар жинақтарында және басқа әртүрлі ғылыми айналымдағы басылымдарда жарияланды.
Сыр өңірінің өткенінен бастап қазіргі дәуірге дейін тарихына шолу жасалып өткен «Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)», «Сыр өңірі энциклопедиясы» «Дария жағасындағы қала», «Қызылорда», «Сыр өңірі орыс деректерінде» сияқты еңбектер мен аудандық энциклопедиялар, жергілікті зерттеушілердің өңір тарихын қамтитын еңбектер, сондай-ақ Сыр өңірінің тарихына қатысты «07.00.02 – Отан тарихы» мамандығы бойынша қорғалған диссертациялар қатары да баршылық, бұл еңбектерді Сыр өңірінің тарихы мен тарихнамалық деректеріне қосылған сүбелі үлес деуге болады. Ал Сыр өңірі қазақтарының тарихи этнографиясын кешенді тұрғыда қамтыған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы, сол себепті этнографиялық мазмұндағы осы монографиямызды оқырманға жолдап отырмыз.
1. СЫР ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ЭТНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Сыр өңірі» деп шартты түрде алып отырған аймақ қазақтарының тарихи-этнографиялық деректілігін келесідей топтарға бөліміз: ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі әскерилер, орыс саяхатшылары, зерттеушілер еңбектері; 1870-1926 жылдар аралығындағы статистикалық комитеттер жазбалары, санақ кітаптары; 1940-жылдардан кейінгі экспедициялық зерттеулер; архив құжаттары; музейлік құжаттар мен жәдігерлер; далалық экспедиция негізінде жинақталған деректер.
Біз зерттеу нысана алып отырған мәселенің тарихнамалық деректілігінің негізгі денін алғашқы авторлардың жазба деректері құрайды. ХІХ ғасыр ‒ ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі әскерилер, орыс саяхатшылары, зерттеушілер еңбектерінің біз зерттеп отырған уақытта, сол кезеңде жазылған мәліметтер ретінде ғылыми маңыздылығы аса жоғары.
Сыр өңірі қазақтары тақырыбына зерттеушілер, этнограф ғалымдар ХІХ ғасырдан бастап ден қойып, СКАЧАТЬ