Сыр бойы қазақтарының наным-сенімі, көне діни ғұрыптары, бақсылық өнердің дамуы, байырғы дәстүрлі білімдер жүйесі, М.Миропиев, П.Комаров сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қамтылған. М.Миропиев 1887 жылы Перовск уезі қазақтарының арасында болып, Сыр қазақтарының мифологиялық күштерге сенгіштігі жөнінде барлығы 27 деменологиялық әңгімелер жинап, нәтижесінде «Демонологические рассказы киргизов собраные и переведенные М.Миропиевым» атты еңбегі жарық көрді. М.Миропиевке дерек бергендердің қатарында Ешмұхамед Букин, Досмұхамед Букин, Ысмайыл Қасымов, Кенжебай Мәтенов, Жүсіп Қасымовтар болған [252]. П.Комаров «Из киргизских поверий» атты топтамаларын «Туркестанские ведомости» газетінде, ал Қазалы қазақтарының арасында болып жазып алған наным-сенімдер жүйесін «Самаркандская газетада» [182] жариялаған.
Белгілі этнограф Әбубәкір Диваев 1880 жылдардан бастап Сыр бойында бірнеше рет болып, ертегі, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, наным-сенімдерді жинақтап, жазып алып жариялап отырған. Әбубәкір Диваевқа мәлімет берушілер қатарында Қазалы уезінен Қансабай Амандықов, Перовск уезі Кеңтүп болысынан Ақмамбет Тоқпаев, Мүсілім Қарақожаев, Перовск уезінен Жұманазар ақын, Перовск уезі, Қысбөгет болысынан Пірмұхамед Тойтанов, Перовск қазағы Мұхамедәли Шахмұратов, т.б. болды. Ә.Диваевтың 1920 жылғы Сырдария экспедициясы кезінде жинаған материалдары жарияланып үлгірмей, қолжазба күйінде қалған.
Әбубәкір Диваевтың «Несколько слов о свадебном ритуале киргизов Сырдарьинской области» атты мақаласы Сырдария облысы қазақтарының үйлену рәсіме қатысты сал-дәстүрлерге арналып, араб және орыс тілдерінде басылып шыққан, мақалада қалыңдықтың ұзату тойында айтылатын «ау-жар» мен қалыңдықтың күйеу жігіт ауылына келін болып түскеннен кейін беташарда айтылатын өлең мәтіндері берілген [97]. Осы автордың «Древне-киргизские похоронные обычай» атты еңбегінде егде тарқан адамды, орта жастағы адамды және жас адамды жерлеудегі айырмашылықтары мен жерлеуден кейінгі атқарылатын рәсімдердің СКАЧАТЬ