Жоғарыда берілген авторлар жинақтаған деректердің ғылыми танымдылығы уақыт өткен сайын арта түсетіндігі, құнды материалдар ретінде бірқатар іргелі зерттеулерге арқау болатындығы еш күмән тудырмайды. Қазақтың дәстүрлі этнографиясын нақтылауға дерек берер информаторлардың қатары азая түскен қазіргі уақытта байырғы қазақтардың ортасында болып жазылған осындай еңбектердің құндылығы, ғылыми танымдылығы арта түсетіні анық.
Зерттеу жұмысының тарихнамасының келесі тобына 1940 жылдардан кейінгі ХІХ-ХХ бас кезінің таихи-этнографиясына ғылыми зерттеулерді топтастырдық. Сырдың төменгі ағысы бойына тайпалардың қоныстануы, ерте түркілердің миграциясы, осы жерді мекендеген ру-тайпалардың дәстүрлі шаруашылығының қалыптасуының тарихи-түп тамырын, кәсіпшіліктердің қалыптасу тарихын саралауда археоэтнографиялық зерттеулер, археологиялық экспедициялар материалдарының деректері қамтылды.
А.Н.Бернштамның археологиялық зерттеу обьектісі Сыр өңірін де қамтыған, Сыр өңірі тайпаларының этногенезіне қатысты өзіндік көзқарастары жұмыс мәтінінде қарастырылды [56; 57]. КСРО ҒА Хорезм экспедициясы аясында С.П.Толстовтың басшылығымен 1946-1951 жылдар аралығында Жетіасар мәдениетіне жататын бірнеше асарларға, одан әрі 1957-1966 жылдар аралығында Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген ежелгі тайпалардың қала-қоныстарына, қорымдарына қарқынды зерттеулер жүргізіліп, жұмыс нәтижесі С.П.Толстовтың «Города гузов» [349], «Приаральские скифы и Хорезм ( к истории заселения и освоения древней дельты Сырдарья)» [353], «Древний Хорезм» [350], «По следам древнехорезмской цивилизации [352]», «По древним дельтам Окса и Яксарта» [351], т.б. ғылыми еңбектерінде жарияланды. С.П.Толстовтың Арал өңірінің этникалық мәселелерін саралаудағы деректерінің маңызы зор. Ол біз зерттеп отырған өңірдегі тайпалар локализациясын б.э.д. 1-мыңжылдықтардағы тарихи оқиғалармен [350, 231-, 243-244], Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы археологиялық ескерткіштер деректерімен [351; 352] байланыстырған, өзіне дейінгі жазба деректермен нақтылаған. С.П. Толстов 1940-1960 жылдар аралығын қамтыған Хорезм экспедициясының ғылыми нәтижелері Арал маңының ежелгі тайпаларының этногеографиясын, палеогеографиясын ғылыми тұрғыда нақтылай түседі. С.П.Толстов Сыр өңірі тайпаларының көшпелі шаруашылығын осы өңірді мекендеген ерте және ортағасырлардағы көшпелі тайпалар өмірімен байланыстырады [349, 99].
Хорезм экспедициясына қатысқан Л.М.Левинаның «К вопросу об антроморфных изображениях в джетыасарской культуре» [209], «Этнокультурная история Восточного Приаралья: 1 тыс, до.н.э. – 1 тыс. н.э.» [211], «Керамика нижней и средней Сырдарьи в І тысячелетии н.э.» [210] материалдары Сырдың төменгі ағысы бойындағы ежелгі өркениеттің дамуымен қатар, өндірісті шаруашылықтардың дамуы тарихын, көне тайпалардың шаруашылықтары мен кәсіптерінің даму эволюциясын заттай және жазба деректер арқылы нақтылай түседі. О.А.Вишневскаяның «Культура СКАЧАТЬ