Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 26

СКАЧАТЬ балалар мен бала емізіп жүрген әйелдерді босат де», – деді. Шейхке барып едім, ол мені қабылдамады. Көмекшілері жібермеді. «Не жөнінде келдің?», – дейді. Бұйымтайымды айтып едім, «Стадиондағылар кәпір, олар үшін сен неге қам жеп жүрсің, сен өзің мұсылман емессің-ау», – деп бас салды. Ал стадиондағылар… олар да адам баласы емес пе? Кешегі арамызда жүрген тамыр достарымыз, кеше ғана мектепте бірге оқыған кластастарымыз емес пе? Және де кішкентай балалар, сәби бөбектер… олардың не жазығы бар? Мен осыны түсінбеймін. (жігіт мұңайып бір күрсініп алады) Және, біздің мақсатымыз осы ма еді? Біз халықтың алғысының орнына қарғысына тап болдық қой! Бәрінен бұрын батып тұрғаны – шешем марқұмның мәйіті әлі сол футбол алаңында жатыр. (біраз уақыт үндемей қалады) Сосын… міне, сізге келдім. Сіз не дей аласыз, аға? Шариғат заңы адам баласын мал құсатып шөп жегізіп, оттатып қой дей ме?!

      Асқар. (бір күрсініп алып Иванға қайғылы көзімен қарайды) Эх Ваня, Ваня! Біз алданып қалыппыз. Иә, сен сияқты тәжірибесіз жас жігітке алданып қалу ғажап емес. Бірақ мына мен сияқты, оқыған, білімі толық адам да алданады екен. Енді менің де көзім ашылды. Иә, ислам діні, шариғат заңы адам баласын хайуанға айналдыр, мал қылып жібер демейді. Жоқ, ол керісінше, имандылыққа, адамгершілікке жетелеуге тиісті. Сен дұрыс айтасың – стадиондағылар кәпір емес. Олардың бәрі кәпір емес. Стадионнан тыс жерде де кәпірлер бар. Сенікіндей униформа кигендердің ішінде де, өздерін «Мен мұсылманмын!», – деп кеуделерін соғып жүргендердің ішінде де кәпірлер бар. Ал сол кәпірлер – ең қауіпті кәпір. Олар нағыз шайтанның сапалақтары. Шайтан да кейде имандылықтың киімін киіп жылтырап жүреді, адамдарды адастырады. О-о! Ол лағнет келгірдің білімі де, сұрқиялығы адам баласын есінен адастырып, ең игі ойын, пиғылын, ниетін бұрып жіберіп қатыгездікке, оңбағандыққа, зұлымдыққа апарып соқтырады. Сондықтан өте сақ болу керек.

      Иван. Мен де солай ойлап едім. Сонда мен енді не істейін? Стадионға барғым келмейді. Ал бірақ мамамның мәйітін бірдеме қылып алып шығу керек, адам сияқты о дүниеге аттандыру керек. Жалпы, енді біз не істеуіміз керек? Сіз маған бір кеңес бере аласыз ба?

      Халел. (бөлмеге кіріп келеді – Иван сасып қалып орнынан атып тұрады) Қорықпа, інішек, мен Асекеңнің досымын.

      Иван. Ассаламү ғалайкүм…

      Халел. Уағалайкүм ассалам. (екеуі қол алысып амандасады) Отыр Иван, ақылдасу керек. Менің есімім Халел. Мен бүлікшілермен күресу үшін жіберілген арнайы бөлімшенің командирімін. Мен бәрін естідім, сенің қайғыңа ортақтасам, қайырлы қаза болсын. Әрине, қазір сенің есі-дертің шешеңнің мәйіті мен қарындасыңды алып шығуда. Бірақ стадионда отырған қалған жұртты да ойлау керек. Оларды күзетіп отырған жігіттердің ішінде сен сияқты алданып қалған жандар бар шығар. Енді көбінің көзі ашылды ғой. Сол жігіттердің де бастары қатып жүрген болар. Солармен сен арқылы байланыс жасап көрсек деймін. Бірақ асығу керек. Уақыт тығыз. Таңертең біз іс-қимылға көшпекпіз. Бірақ бір мәселе бізді бөгеп тұр. Сен стадионның миналанып СКАЧАТЬ