Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 22

СКАЧАТЬ тосып отырмыз. Сендер, нағыз мұсылмандар, бізді, кәпірлерді, не аштан қатырып, не жарып өлтіргендеріңді тосып отырмыз.

      Иван. М-м… (қарындасына) Лариса, мен сендердің осында отырғандарыңды бүгін ғана білдім. Бірінші күні қаладан кеткен шығар деп жүргем. (шешесінің жанына тізерлей отыра кетеді) Мама! Мама! (Ларисаға) Мамама не болған?

      Лариса. (жылап сөйлейді, дауысында ашу-ыза) Не, көрмейсің бе? Өлейін деп жатқан жоқ па!

      Иван. (одан әрі сасқалақтайды) Қалай… өлейін деп? Неге?

      Сөзі таусылған Лариса жүзін ағасынан бұрып әкетеді де солқылдап жылап жібереді.

      Жамал. Сен осындай сұрақ қоюға ұялмайсың, иә! Неден өлейін деп жатқанын білмейсің бе? Көрмейсің бе, жұрттың қандай мүшкіл жағдайға түскенін? Неше күн болды бұлардың аш-жалаңаш отырғанына? Не су бермейді, не тамақтандырмайды, ауру-сырқаттарға дәрігерлік көмек көрсетілмейді, емшектегі балалар аналарының сүті тартылып қалғандығынан қырылып жатыр. Мүмкін сен осының барлығын білмедім дейтін шығарсың, ә?!

      Иван. (Жамалға қарауға, оған жауап қатуға даты бармай, қарындасына) Лариса, мен сендерді алып кетуге келдім. Шейх маған рұқсат берді. Жүр, кетейік. (шешесін көтермек болады, сол жерде Мария ыңырсиды да бүкіл денесі мен аяқтарын созып, қырылдап өтіп кетеді, Иван оны орнына жатқыза қояды)

      Лариса. (барлығын түсініп шешесінің үстіне жата кетіп боздап қоя береді) Ма-ма! Мама! Өлмеші, мама! Өлмеші деймін! Ма-ма!

      Жамал. (Марияның тамырын ұстап, қайтып кеткеніне көзі жетіп бетін сипайды да Иванға қарайды) Иә, Иван, қайтып кетті шешең. Құтылды бұл дүниенің азабынан.

      Иван аяғына тұрып, бас киімін шешіп, тер басып кеткен бетін сүрте бастайды.

      Иван. Жо-жоқ! Мүмкін емес… мамам өлген жоқ… есінен танып қалған шығар… (отыра кетіп Марияның көкірегін тыңдағысы келгендей қарындасының иығынан тартады)

      Лариса. (басын көтеріп алып) Мамам өліп қалды! Өліп қалды! Сен! Сен оны өлтірген! Сен оны өлтірдің! А-а!…

      Иван. (шегіншектеп кетіп) Лариса! Олай деме… мен… мен емес… мен тек…

      Лариса. Иә! Сен оны өлтірген! Сен! Сен! Мамамды өлтірген сен!

      Иван шыдай алмай аяғына тұрады да не істерін білмей жан-жағына қарайды. Сосын Гүлнәрға бірдеңе дейін деп жақындайды.

      Иван. Гүлнәр, енді сен бірдеңе деші! Менің не кінәм бар?

      Гүлнәр. (бейне бір құбыжық жақындап келе жатқандай шошынып) Жо-жоқ! Жақындама маған! Жолама! Аулақ!

      Жамал. (Иван оған «не істейін» дегендей қарайды) Иван, меніңше сенің осы жерден кеткенің дұрыс болар.

      Иван. Жарайды… мен кетейін… кетейін. Лариса, кеттік, кетейік, маманы… алып кетейік.

      Лариса. Кет! Өзің кет! Мен сенімен бармаймын! Мен сені көргім келмейді! Мына шайтанның формасын көргім келмейді! О-о! Мама! О-о, сорлы мамам-ай!

      Иван. (Жамалға) Енді не істейін мен? Бұларды осында қалтырып кете алмаймын ғой. Шейх маған рұқсат берген…

СКАЧАТЬ