Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 21

СКАЧАТЬ (күліп жібереді, оған жанындағылары қосылады) Қойыңызшы, жеңгей, жұртты күлдірмей! Хазіреті шейх бізді жарып тастайды дегенге сенетін біз ақымақ па едік? Әңгімені доғарыңыз да тамақтанып алыңыз. (жанындағы күзетші ұстап тұрған термосты Жамалға ұсынады, басқа күзетшілер қалған екі термосты Гүлнәр мен Берікке береді) Міне, бұл асты сіздерге хазіреті шейх беріп жіберді. Бүкіл халықтың алдында қаралағаныңызға қарамастан, хазіреті шейх сізді өз қамқорлығына алды. Оның пейілінің қандай кең екенін түсініңіз де ендігәрі халықты оған қарсы үгіттемеңіз.

      Жамал. (термосын жерге қоя салып) Е! Ол не – бізді осындай арзан бағамен сатып алмақ па? Егер пейілі сондай кең болса, тым құрығанда балалар мен бала емізіп жүрген әйелдерді тамақтандырсын. Ауруларға дәрігерлік көмек көрсетсін.

      Кезекші. Көрсетеміз, көрсетеміз. Уақыты келгенде бәрі де болады. Ал тамақтаныңыз, не ғып тұрсыз? Жеңіздер, біз тоса тұрамыз. Термостарды алып кету керек.

      Берік өзінің термосын ашып, Ларисаға шай алып береді.

      Берік. Лариса, мә, шай ішіп ал.

      Лариса. (әуелі шайды ұрттап-ұрттап жібереді де, сосын шешесі есіне түсіп ыдысын оның аузына тосады) Мама, мә, шай ішші. Мама! Ояншы, міне, Берік шай берді, ішші…

      Кезекші қыздың қолындағы шайды төге-мөге жұлып алады да Берікке қайтарып береді.

      Кезекші. Әй бала, өзің іш! Бұларға беруге болмайды.

      Жамал. (ол да өзінің термосындағы шайын Марияның аузына тосады) Мария! Есіңді жи! Міне, шай іш!

      Кезекші. (ыдысқа жармасып) Айтқан жоқпын ба – өздерің ішіңдер деп! Бұларға беруге болмайды.

      Жамал. (ыдысы бар қолын кері алып кетіп) Неге?! – шөлден өлейін деп жатқанын көрмейсің бе?

      Кезекші. Болмайды деген жоқпын ба! Бұйрық сондай. Біз тек бұйрық орындаушымыз. Осындағыларды біз тамақтандырмаймыз, мына тамақты сізге шейх арнайы бұйрықпен бергізіп отыр. Тезірек ішіңіз, біздің уақытымыз жоқ.

      Жамал. (шайды кезекшінің бетіне шашып жібереді) Онда осы тамақтарыңа қақалып өліңдер!

      Кезекші. (шегініп кетіп, бетін алақанымен сипап, қалтасынан орамалын алып сүртіп, үсті-басын қағып-соғып жатып) Жеңгей! Мұныңыз не?!

      Жамал. (орнынан атып тұрып кезекшіге төнеді) Ал сендердікі не?! Ә?! Мынау нағыз концлагерь ғой! Әлде фашист боп кеттіңдер ме?! (кезекші мен күзетшілер шегініп кетеді, не дерін білмей дағдарып қалады)

      Гүлнәр. (өзінің ашылмаған термосын қоя салып, Беріктің термосын жинайды да соның жанына қояды) Дұрыс! Біздің өзгеден жанымыз бөлек емес. Бүкіл халық аш отырғанда тамағымыздан кесек өтетін біз хайуан деп пе едіңдер? Шынында да шейх оңбаған сұрқия екен.

      Кезекші. Бикеш, хазіреті шейхке тіл тигізбеңіз!

      Жамал. (оған және төнеді) Тигіземіз! Ал, не істейсің? Қылатыныңды қылып ал – қолыңда өлейік!

      Кезекші. Жеңгей, қойыңыз, сабыр СКАЧАТЬ