Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 24

СКАЧАТЬ Тоғыз тәулік сусыз отыру дегенді түсінетін шығарсыз. (Халел имамнан көзін айырмайды, ал ол шыдай алмай төмен қарайды) Ал біз бүгін басшылығымыздан таңғы беске дейін стадиондағы жарылғыш миналарды істен шығару жөнінде бұйрық алдық. Сағат бесте президент қалаға шабуыл жасауға пәрмен береді. Ал шабуыл басталысымен Ғабдуррахман стадионды жарып күлін көкке ұшырады. Ал онда он мың адам қамауда отыр. Ойланыңыз – он мың адам! Бір адамды өлтіру қалай – он мыңын қырып тастау қалай? Стадионда мыңдаған балалар, кішкентай сәбилер бар. Қателеспесем, сіздің қызыңыз бен ұлыңыз да сонда отыр. Жұбайыңыз жөнінде сөз қозғамай-ақ қояйын. Қалай сіз балаларыңызды ойламайсыз?

      Асқар. (басын көтереді, жүзінде қасірет пен қайғы) Олар менің жадымнан ешқашан кетпейді, мен оларды әрбір сәтте ойдан шығара алмаспын.

      Халел. Онда қалай қол қусырып отырмақсыз?

      Асқар. Мен қол қусырып отырған жоқпын. Күнде сол шейхтен стадиондағы тұтқындарды босат деп өтінемін. Бірақ ол көнбей тұр.

      Халел. Дұрыс, ол ешқашан оларды босатпайды. Өйткені стадиондағы тұтқындар шейхтің басты көзірі. Президент автономияны мойындап, шейхтің ұсынып отырған келісім шартына қол қоймағанша стадиондағы тұтқындарға бостандық жоқ. Ал президент ешқашан автономияны мойындамайды. Және де онысы дұрыс. Қазір осы автономияны мойында, ертең тағы біреу дәл осындай бүлік шығарып тағы бірдеңе деп талап қояды. Сонда мемлекетімізді ыдыратып, бөлшекетеп таратып жіберуге бола ма? Жоқ, болмайды! Президенттің автономияны мойындайтын ешқандай хақысы да жоқ. Және де ол кісі бұл бүлікті көпке соза да бере алмайды. Бізге берілген мерзім бітті, бүгін ақырғы түн. Ал біз, шейхты, оның қолындағы пультты істен шығармағанша ешқандай іс-қимыл бастай алмай отырмыз.

      Асқар. Мен бәрін түсінемін. Мен… мен соны… өлтірудің де қажеттігін мойындауға дайынмын. Бірақ, мен… өз басым кісі өлтіре алмаймын. Жоқ, бұл іс менің қолымнан келмейді. Менің қолым біреудің өмірін қиуға бармайды. Мүлдем бармайды.

      Халел. Барады! Барғызасыз! Егер де сіз мыңдаған адамдардың өміріне төніп тұрған қауіпті ойласаңыз, түсінсеңіз, соларды құтқару үшін сіз кісі өлтіруге барасыз. Былай деп ұғыңыз – сол он мың адамның тағдыры, өмірі бір өзіңіздің қолыңызда тұр.

      Асқар. Сонда да мен кісі өлтіре алмаймын. Былай істесек қайтеді – мен қазір Ғабдуррахманға барып тағы да сөйлесейін, стадиондағы адамдарды босат дейін. Мен оны көндіремін, мен оны қалай да көндіруге тиістімін!

      Халел. (шыдай алмай столды алақанымен қойып қалады) Имам! Ояныңыз! Есіңізді жиыңыз! Қалай түсінбейсіз – ол ешқашан тұтқындарды босатпайды, өлсе де босатпайды! Өлсе бірге алып кетеді, бірақ босатпайды. Бұл жерде енді сөздің қажеті аз. Енді істің кезегі келді. Сіз сол істі қолға аласыз, сіз оны өлтіресіз! Өлтіресіз де он мың адамды аман алып қаласыз. (қалтасынан тапанша алып шығады) Мінеки, осы тапаншамен сіз шейхті атып тастайсыз!

      Асқар. (екі қолын ала қашып) Жо-жоқ! Атамаңыз! Мен СКАЧАТЬ