Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 23

СКАЧАТЬ қатал жаза қолдануға мәжбүр болды. Иә, енді ол мақсатына жеткен сияқты. Егер оның орнатқан тәртібі ұзақ уақытқа сақталса қылмыстың бүкіл түрі мүлдем тиылады. Мүмкін соныкі дұрыс та шығар? Ә? Мүмкін адам баласына құлақтан құйған сөзден гөрі арт жағынан соққан дүре тиімді болар ма? Мүмкін тәлім-тәрбие таяқсыз, дүресіз адам бойына сіңбейтін шығар? Мүмкін «аюды намазға үйреткен таяқ» деген сөз бекер айтылмаған болар? (біраз уақыт үнсіз қалады) Ал бірақ… біз аю емеспіз ғой. Біз адам баласымыз. Әлде біздің аюдан еш айырмашылығымыз болмағаны ма? Жоқ! Олай емес! Адам баласын имандылыққа, мәдениеттілікке, тәрбиелілікке тек шын жүректен шыққан ақылды, жылы, өткір сөз арқылы, игі үлгі арқылы, шыдамдылықтың, сабырдың арқасында, төзімді де тынымсыз еңбектің нәтижесінде жеткізуге болады. Одан басқа жол да жоқ. Өйткені біз үлгілі аю емес, үлгілі адам тәрбиелеп өсіруіміз керек. Адам баласының тәрбиесін дрессировкаға айналдырған… бұл дегеніңіз адамды адамгершіліктен хайуандыққа, прогрессті регереске айналдырған деген сөз. Жоқ, Ғабдуррахман, мен сізбен ешқашан келіспеймін! Сіздің тәсіліңізді, «тәрбие жүйеңізді» мен ешқашан қолдамаймын.

      Осы тұста есік қоңырауы шыр ете қалады. Асқар селк етеді, сосын тұрып, есікке жақындап, оны ашады. Халел көмекшісімен кіреді.

      Халел мен оның көмекшісі. Ассаламү ғалайкүм.

      Асқар. Уағалейкүм ассалам. (сәл бөгеледі, сосын, дәлізге көз тастап, есікті жабады) Жоғарлатыңыздар.

      Халел жоғары шығып, үй иесі нұсқаған орындықта жайғасады, көмекшісі есік көзінде қалып тың тыңдайды, ара-тұра терезеге жақындап келіп шымылдық арасынан далаға көз тастап қояды.

      Асқар. (өзінің орнына отыра бере) Танымадым ғой… сіз кім боласыз?

      Халел. Менің есімім Халел. Мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін, бүлікшілерге қарсы күрес ұйымдастыру үшін жіберілген арнайы бөлімшенің басшысымын. Біз қаланың естияр азаматтарымен бүлікке қарсы іс-қимыл жасайтын ұйым құрдық, гарнизонның есі дұрыс офицерлері мен сержанттарының арасында үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз. «Әл хизб» партиясының мүшелерімен де сөйлесіп ақылға шақырып жатырмыз.

      Асқар. Түсінікті. Ал маған қалай қорықпай келіп тұрсыз? Мені бүлікшілердің, Ғабдуррахман шейхтің сыбайласы деген жоқ па… сол естияр азаматтар?

      Халел. Жоқ, керісінше, ол азаматтар сізге сенім артып отыр. Және бір тапсырма бар – оны сізден басқа ешкім орындай алмайды. Міне, оқыңыз. (қалтасынан бір қағаз алып Асқарға ұсынады)

      Асқар. (қағазды алып жатып) Бұл не?

      Халел. Бұл тапсырма. Біздің басшылықтың сізге берген тапсырмасы. Керек болса – президенттің тапсырмасы!

      Асқар. (қағазды оқып шығып үстелге тастай береді) Астафиралла! Мен мұндай тапсырманы орындай алмаймын.

      Халел. Орындайсыз. Иә, бұл тапсырманы орындау оңай болмас. Бірақ сізден басқа ешкімнің қолынан келмейді.

      Асқар. СКАЧАТЬ