Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 27

СКАЧАТЬ телефонын алып шейхтің нөмірін тере бастайды. Осы тұста есік қоңырауы тағы да шылдыр етеді. Асқар бір мезет сол жаққа қарап тұрып, содан кейін есікке беттейді. Есіктің құлыпына қолын соза бере қолындағы тапаншаны қалтасына салады. Есік ашып аңырап қарап қалады. Бөлмеге Иван кіріп келеді.

      Асқар. Ваня?! Не болып қалды? (есікті жабады) Сен неге қайтып келдің? Халел қайда?

      Иван. Асеке, мен бір минутке оралдым. Халел мені төменде тосып тұр. Мен… мен мана сізге келгенім… сізге келгенде…

      Асқар. Ваня, саған не болған? Сабыр қыл, жаным. Жүр, орындыққа отырайықшы, сосын баппен әңгімелесейік.

      Иван. Жоқ, Асеке, отыратын уақыт жоқ. Мен тек сізге бір өте маңызды жәйтті айтайын деп едім. Ол мәселе… қысқасы, Гүлнәр…

      Асқар. Гүлнәр?! Онымен бірдеңе болды ма? Ол өзі аман ба?!

      Иван. Жоқ… Иә, иә, аман! Ол аман-есен. Мәселе онда емес, мәселе менде. Сіз ештеңе білген жоқсыз, ал мен… біз… қысқасы – Гүлнәр екеуміз бір-бірімізді қатты ұнаттық, бір-бірімізге ғашық болдық. Иә, ол енді мені сүймейді… иә… Бірақ мен оны бұрынғыдай… иә… ал ол енді мені жек көреді. Сонда менің кінәм тек нағыз мұсылман боламын дегенімде. Мен сізден Гүлнәрдың қолын сұрайын деп жүргем, ал ол… ол маған Ислам дінін қабылдау керек деді. Сонымен міне…

      Асқар. (Иванға бүкіл денесімен бұрылып) Не?! Сен Ислам дінін тек менің қызымды алу үшін ғана қабылдадың ба?! (Иван төмен қарап күрсінеді) Жо-жоқ! Мүмкін емес!

      Иван. (басын көтереді) Иә, Асеке, мен бір балалық жасадым. Бірақ сіз ол үшін ашуланбаңыз. Мен бұрыннан дін жөнінде ойланып жүргем. Мен мұсылмандарды ең адал, ең әділ, ең мейірімді жандар деп есептейтінмін. Бала кезімнен сіздің үлгіңіз көз алдымда тұрды емес пе! Бала кезімнен сіздің әулие-әмбиелер, әз пайғамбарлар туралы әңгімелеріңіз, ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед саллалаһу ғалейһи уәссалам мен оның сахабаларының өмірі мен істері жөнінде айтқан әңгімелеріңіз жадымда сақталып қалған-ды. Сондықтан, Гүлнәр ислам дінін қабылдау керектігін айтқанда мен бір минут та ойланбастан шешім қабылдадым. Содан бәрі жақсы болушы еді, егер… егер мына шейх кездеспегенде. Ол… ол, білмеймін не қылғанын, әйтеуір со кісімен кездесуім мұң екен, ақыл-есімнен айырылдым да қалдым. Сосын соңына қалай түсіп кеткенімді өзім де білмей қалдым.

      Асқар. (бірер уақыт жігітке қарап тұрып, сосын қолын иығына салады) Өзіңді кінәлай берме, Ваня, жалғыз сен емес шейхтің арбауына тап болған.

      Иван. Иә, қаншама жігіттер шейхтің соңында кете барды. Бір жағынан сіз соның жанында жүрдіңіз ғой. Сондықтан бізде еш күмән да болған жоқ.

      Асқар. (ауыр күрсініп) Иә, оның маған соншама жабысқаны енді түсінікті болды…

      Осы жерде есіктің қоңырауы тағы да шылдыр етеді. Имамның қолы құлыпқа созыла бергенде Иван есіктегі тесікке қарайды да оның қолын ұстап қалады.

      Иван. (сыбырлап) Тоқтай тұрыңыз. Бұл кім өзі?

      Имам да тесікке қарайды, сосын Иванға СКАЧАТЬ