Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 30

СКАЧАТЬ арылуға тырысып, жанымыздағы адамдардан, отандастарымыздан бірдеңеміз артылып бара жатса оларға жоғарыдан төмен түкірмей қол ұшын беріп тура жолға шығуға атсалысуға тиістіміз. Мінеки, менің пікірім осы. Мен сіздің идеяңызды қолдамаймын. Сондықтан ешкімнің алдына ондай ұсыныспен бармаймын.

      Ғабдуррахман. (сол тесірейген көздерін имамнан айырмай біраз отырады да серпіліп бойын түзейді) Сонымен маған үзілді-кесілді «жоқ» дедіңіз, иә?

      Асқар. Иә. Мен сізден қантөгіске жол бермей бүлікті доғаруыңызды талап етемін. Тоқтаңыз, шейх! Әлі де кеш емес. Істеген ісіңізді мойыныңызбен көтеріп жазаңызды алыңыз. Қазір тоқтасаңыз президент өз тарабынан кешірім жасауға дайын. Мына ультиматум соған кепіл.

      Ғабдуррахман. Маған оның кешірімі керек емес. Ал егер қан төгілсе, ол қан менің мойыныма артылмайды – менің қан төккім келіп тұрған жоқ. Ол қан өкіметтің, президенттің мойнына артылады. Өйткені мен емес – ол маған шабуыл жасайын деп тұр. Мен мәселені бейбітті түрде шешуге бір емес, екі ұсыныс жасап отырмын. Ал егер қабылдамаса, қабылдамай-ақ қойсын – біз оңайлықпен берілмейміз. Біз автономиямыз үшін бір қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз. Президент тып-типыл болған қаланың орнын сипап қалады. Егер ол соны мақсат тұтып тұрса – бастасын шабуылды. Мен айтқанымнан қайтпаймын. Ең әуелі стадионның күлі көкке ұшады.

      Асқар. Сіз оны істемейсіз, Ғабдуррахман! Стадиондағы адамдардың, қаланың бейбіт тұрғындарының еш жазасы жоқ. Егер тіпті өзіңіздің идеяңыз үшін шайқасып қаза болғыңыз келіп тұрса, сарбаздарыңызбен бірге қаладан тыс жерге шығып шайқасыңыз. Мен тіпті президентке, сіздерге қаладан шығуға мұрсат берсін деген ұсыныспен баруға дайынмын.

      Ғабдуррахман. Тапқан екенсіз ақымақты! Президенттің әскері бізді ен далада бес минутта қырып тастамай ма! Жоқ! Мен өлсем өзіммен бірге мыңдаған кәпірлерді ала кетемін. Олардың саны неғұрлым азайса, соғұрлым жердің беті тазара түседі. Міне – менің ақырғы сөзім. Егер сіз менің ұсынысыммен президентке барғыңыз келмесе, мен жихадымды осы жерде бастаймын. (қалтасынан ұялы телефон алып бір нөмірді тере бастайды)

      Асқар. Не істейін деп тұрсыз? Кімге телефон шалайын деп тұрсыз?

      Ғабдуррахман. Ешкімге емес. Мен дәл қазір стадионды жарайын деп тұрмын. Мен бір нөмірге телефон шалсам болды, жүздеген миналар іске қосылып, стадион бүкіл тұтқындарымен көкке ұшады. (кнопкаларды пипылдатып нөмірді тере береді)

      Иван. (қолында атуға даяр тапаншамен бөлмеден шығып қаруын шейхке кезейді) Шейх! Сіз оны істей алмайсыз! Телефоныңызды столдың үстіне қойыңыз да кейін шегініңіз. Әйтпесе мен атамын.

      Ғабдуррахман. (орнынан тұра бере) Әй, мұның кім өзі! Мұсылман! Қалай ғана өзіңнің шейхіңе қару көтеруге датың барды, а?!

      Иван. (Асқар да орнынан тұрып, біресе Иванға, біресе Ғабдуррахманға қарап тұрады) Ал егер ол шейх жынданып кетсе ше? Егер СКАЧАТЬ