Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 28

СКАЧАТЬ де табалап кетті ғой. Сосын ойладым, бір-екі күн отырып біраз есін жисын деп. Сіз олар үшін уайымдамаңыз – қазір олар азат етіледі. Бірақ үйіңізге қайтып келе ме – келмей ме, оны білмеймін. Мен жігіттеріме жеңгейді апар деген жеріне жеткізіп тастаңдар деп бұйырдым. Тек қана қаланың сыртына шығара алмайды – оққа ұшатын қауіп бар. Қаланы қоршап тұрған әскердің снайперлері қимылдаған, қыбырлаған адамды қағып түсіруі мүмкін. Қалада жеңгейдің туыстары, құрбылары бар ма еді? Баратын жері бар ма?

      Асқар. Білмеймін… бар болар… тек сіз оларды шынында да азат етсеңіз.

      Ғабдуррахман. Азат етеміз! Ол үшін күмәнданбаңыз. Міне бүгін Иван Новиков та шешесі мен қарындасын стадионнан алып кетуге рұқсат сұраған, мен оған рұқсат бердім. Алайда оның шешесі өліп қалыпты. Ал қарындасы шешесінің мәйітінің жанында қалыпты. Мен ол баланы мәйітпен бірге үйіне жеткізсін дедім, жерлеуге қажет қаражатты партияның қорынан бөліп бердім. Мүмкін осы үйдегі жеңгей солармен бірге болар. Міне, көрдіңіз бе – уайымдайтын ештеңе жоқ.

      Асқар. Мен өз отбасым үшін ғана уайымдап отырған жоқпын. Мен бүкіл стадиондағылар үшін, бүкіл қала тұрғындары үшін уайым жеп отырмын. Сіз енді өзіңіз де түсінген боларсыз – сіздің экспериментіңізден ештеңе шықпады. Сондықтан енді қару-жарағыңызды тастағаннан басқа амал қалмады. Иә, сіз сөзсіз сотталасыз… біз бәріміз де сотталамыз. Бірақ, өз еркіңізбен қару-жарақ тастап, қаланы мемлекет қарулы күштеріне тапсырсаңыз, сот сізге кешірім жасайды. Әлбетте жасайды.

      Ғабдуррахман. (өңі бұзылып кетеді) Жоқ! Мен ол сотты заңды деп санамаймын. Мен тек Аллаһтың сотын, Аллаһтың заңын мойындаймын. Қару-жарағымызды да тастамаймыз – алдымызға қойған мақсатымызға жетпей тастамаймыз. Біздің мемлекетімізді, біздің қоғамымызды күнәһарлардан, қылмыскерлерден тазартпай тоқтамаймын. Ал мына біздің, сіз айтпақшы, экспериментімізден түк шықпады дегенмен мен келіспеймін. Өзіңіз білесіз – осы қысқа мерзімнің ішінде қаламыз әжептәуір тазарып қалды. Біз қылмыстың барлық түрлерін тыйдық. Мұсылмандар оң мен солын аңғара бастады, намаз оқуды үйренді, адам сияқты киім киуге дағдыланды. Қазір еш қауіпсіз түнгі көшелермен жүруге болады. Қала тұрғындары бір-бірімен сыпайы сөйлеседі, адал сауда-саттық жүріп жатыр, ешкім ешкімді алдамайды, ешкім ешкімді қанамайды, азық-түлік пен басқа тұтынатын тауарлар таза, хәләл. Біз арақ пен есірткіні жойдық, темекі шегушілер мен насыбай ататындардың да саны азайып келеді. Банкілер дұрыс жұмыс істей бастады, олар мұсылмандарға дұрыс қызмет көрсетуде, бұрынғыдай өсім пайызын алып ашықтан-ашық тонау деген жоқ. Шенеуніктер жұмысын адал, әділ атқаруда. Ешкім пара алмайды – пара бермейді. Бұдан басқа не керек?!.. (шейх имамға қарайды, бірақ ол үндемейді) Иә, мүмкін біздің бастамамыздың болашағы жоқ та болар. Бірақ мен кәміл сенемін – қалай да болса, түбінде, егер халық әбден малғұндыққа, азғындыққа батып, құрып кеткісі келмесе, бәрібір, ерте ме, кеш пе, болашақта бір шариғат заңын қабылдайды. Мен… тек сол болашақ қоғамға алғашқы жол салушымын. Менің ізіме түсетіндер болады әлі, болады, иншалла! Олар тіпті менен де асқан мұсылман СКАЧАТЬ