Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева страница 7

Название: Экономикалық талдау негіздері

Автор: Жанар Оралбаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-0521-9

isbn:

СКАЧАТЬ қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.

      Факторлар, сонымен қатар жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның жеке салалары жағдайындағы жайттарды қамтиды. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салаларының ерекшеліктерін толық есепке алынуына және олардың қызмет етуінің нақты бағалауына мүмкіндік береді.

      Өндіріс нәтижесіне әсер ету мерзімі бойынша тұрақты және үзілісті болып бөлінуі мүмкін. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылыстарға барлық уақыт бойы үзіліссіз әсер етеді. Үзілісті факторлардың әсер етуі кезеңді түрде көрініс табады, мысалы, жаңа техниканы, жаңа өнім түрлерін, өндірістің жаңа технологиясын игеру және т.б.

      Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлардың интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өндіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процесінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.

      Талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әр фактордың әсерін өлшеу мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.

      Құбылыстардың сандық айқывдылығын көрсететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т.б. саны). Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т.б.).

      Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі факторға еңбек өнімділігі, ал жай факторға есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны мысал болады.

      Көрсетілгендей, бір факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне тура, басқалары жанама әсер етеді. Осыған тәуелді басқары-лымның бірінші, екінші және үшінші және әрі қарайғы деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және бірінші деңгейлі факторлар болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшығак келетін орташа жылдық өндірілген өнім көлемі болып табылады. Бір жұмысшының жұмыс істеген күндерінің саны және орташа күндік жұмыс сағаттары – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші СКАЧАТЬ