Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева страница 2

Название: Экономикалық талдау негіздері

Автор: Жанар Оралбаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-0521-9

isbn:

СКАЧАТЬ мен процестердің себеп-салдарлық байланыстары болып табылады. Ұйымның шаруашылық қызметінің себеп-салдарлық байланыстарын түсіну экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін түсінуге және сол арқылы қол жеткізілген нәтижелерді дұрыс бағалауға, өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтерін анықтауға, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеуге мүмкіндіктер береді.

      Экономикалық талдау объектісі – шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижесі. Мысалы, өндірістік ұйымдарда талдау объектісі өнімдерді өндіру мен сату, оның өзіндік құны, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижесі, ұйымның қаржылық жағдайы болып табылады.

      3. Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету

      Экономикалық талдау нәтижелілігі оның ақпараттық қамтамасыз етілуіне тәуелді болады. Экономикалық талдау үшін қажетті мәліметтер былай бөлінеді:

      – нормативті-жоспарлы;

      – есептік;

      – есептік емес.

      Нормативті-жоспарлы сипаттағы ақпараттарға ұйымда жасалатын жоспарлардың барлық түрлері, яғни перспективті, ағымдық, жедел жоспарлар, сметалар және т.б. жатады.

      Есептік сипаттағы ақпараттар бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп пен есептілік құжаттарындағы барлық мәліметтерді қамтиды.

      Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз етудегі маңызды рөлді бухгалтерлік есеп пен епсетілік алады. Онда барлық шаруашылық құбылыстары, процестері және олардың нәтижелері көрініс табады. Алғашқы және жиынтық есептік регистрлер мен есептіліктердегі мәліметтерге дер кезінде жасалған талдау жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Сандық сипаттағы статистикалық есеп мәліметтері экономикалық заңдылықтардың өзара байланыстарын терең зерттеу үшін пайдаланылады.

      Оперативтік есеп статистикалық және бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырғанда экономикалық талдау неғұрлым жедел мәліметтермен қамтамасыз етеді, мысалы, өндірілген және сатылған өнімдердің саны және т.б.

      Есептік емес ақпарат көздеріне ұйымның шаруашылық қызметін реттейтін келесідей құжаттар жатады:

      1. Ұйым өз қызметіне де пайдалануға міндетті ресми құжаттар: заңдар, үкімдер, жарлықтар, жоғары басқару органдарының бұйрықтары, тексеру актілері.

      2. Шаруашылық құқықтық құжаттар: келісімшарттар, келісімдер, сот органдарының шешімдері.

      3. Ғылыми-техникалық ақпараттар (ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелелері бойынша есептер).

      4. Ұйымның негізгі контрагенттері туралы ақпараттар (жеткізушілер мен сатып алушылары).

      5. Ұйымның негізгі бәсекелестері туралы әртүрлі көздерден алынған мәліметтер (интернет, телевизор, газет, радио және т.б.).

      Зерттеу объектісіне байланысты ақпараттар:

      1. Ішкі ақпараттар.

      2. Сыртқы ақпараттар болып бөлінеді.

      Ішкі ақпараттар жүйесіне статистикалық, бухгалтерлік, оперативтік СКАЧАТЬ