Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева страница 4

Название: Экономикалық талдау негіздері

Автор: Жанар Оралбаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-0521-9

isbn:

СКАЧАТЬ Басқарушылық талдау ұйым қызметін жоспарлау, бақылау, басқару шешімдерін қабылдау, қаржылық саясаты, маркетингтік қызметі бойынша стратегия мен тактика жасау үшін қажетті ақпараттар алу мақсатымен жүргізіледі. Оның нәтижелері коммерциялық құпия болып табылады.

      3. Әлеуметтік-экономикалық талдау – әлеуметтік және экономикалық процестердің өзара байланыстарын реттеу, олардың бір-біріне және ұйым қызметінің экономикалық нәтижелеріне әсерін анықтау үшін жүргізілетін талдау. Оны статистикалық органдар, әлеуметтік зертханалар, басқару органдары жүргізеді.

      4. Әлеуметтік-статистикалық талдау – басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі (ұйым, сала, аймақ) жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін статистика органдары тарапынан жүргізілетін талдау.

      5. Маркетингтік талдау – ұйым қызметінің сыртқы ортасын, яғни шикізаттар нарығын, өнімдерді өткізу нарығын, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін, сұраныс пен ұсынысты, коммерциялық тәуекелділікті, баға саясатын қалыптастыруды, маркетингтік қызметтің стратегиясы мен тактикасын жасауды зерттеу үшін ұйымда құрылған маркетинг бөлімдері жүргізетін талдау.

      6. Инвестициялық талдау – ұйымның инвестициялық қызметінің тиімділігін бағалау және инвестициялық бағдарламалар жасау үшін қолданылады.

      7. Логистикалық талдау соңғы жылдары өте көп пайдаланылуда. Оның көмегімен шикізаттарды жеткізушілерден бастап, өнімдерді өндіру және сатумен аяқталатын тауар ағымдары зерттеледі. Логистика ұйымның жабдықтау, өндіру және сату сияқты сегменттерін зерттей отырып, материалдық және ақшалай ағымдарды жылдамдатуға әсер етеді. Оның көмегімен ұйым «дәл уақытында» деген қағиданы пайдалана отырып жабдықтау, өндіру және сатуды ұйымдастыру есебінен шығындарды азайтуға мүмкіндіктер алады.

      8. Экономика-экологиялық талдау – қоршаған ортаны қорғау органдары, ұйымның экономика бөлімдері тарапынан экологиялық және экономикалық процестердің қоршаған ортаны сақтау және жақсартумен, сонымен бірге экологияға бөлінген шығындармен байланысты өзара іс-әрекеттерді зерттеу мақсатымен жүргізілетін талдау.

      V Объектілерді зерттеу әдістері бойынша:

      1. Сапалық талдау.

      2. Сандық талдау.

      3. Экспресс-талдау.

      4. Фундаменталды талдау.

      5. Маржиналдық талдау.

      6. Экономика-математикалық талдау.

      1. Сапалық талдау – зерттеліп отырған құбылыстар мен процестерді эксперттік бағалауға және сапалық салыстырмалық сипаттамаларға негізделген талдау.

      2. Сандық (факторлық) талдау – экономикалық құбылыстардың әртүрлі факторлардың әсер етуінен өзгеру сезімталдығының деңгейін зерттеуге және сандық салыстыруларға негізделген талдау.

      3. Экспресс-талдау – белгілі бір нақты экономикалық құбылыстарға тән типтік белгілер негізінде ұйым экономикасының жағдайын диагностикалау үшін жүргізілетін талдау.

      4. Фундаменталды талдау – математикалық әдістерді пайдалана отырып зерттеліп отырған құбылыстардың мәнін терең және кешенді зерттеу үшін жүргізілетін талдау;

СКАЧАТЬ